Т.Кәкішұлының 95 жылдығына арналған конференцияFarabi University

Т.Кәкішұлының 95 жылдығына арналған конференция

11 қараша, 2022

2022 жылғы 11 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Т.Кәкішұлының 95 жылдығына арналған "Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынының келелі мәселелері"атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып, өткізді. Конференцияға Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Түркияның белгілі ғалымдары, ғылыми қызметкерлері мен жас зерттеушілері қатысты.

Конференция аясында 3 секция жұмыс істеді:

1. Тұрсынбек Кәкішұлының ұлттық әдебиеттануды зерттеу мен зерделеудегі ұстанымдары;

2. Т. Кәкішұлы зерттеулеріндегі тұлғатану мәселелері;

3. Қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің және оқытудың жаңа парадигмалары.