Мектеп мұғалімдеріне арналған семинар-тренингFarabi University

Мектеп мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг

11 қараша, 2022

2022 жылдың 17 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесіп Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар тақырыбы: "Көркем шығармаларды талдау әдістері". Аталған іс-шараның мақсаты – филология факультеті мен Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасындағы ынтымақтастықты жолға қою; жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін көркем шығармашылықты зерделеу тәсілдеріне оқыту.

Семинар аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. А. Қалқабаева, филология ғылымдарының кандидаты Л.А. Мекебаева, аға оқытушы Г.Т. Оспанова сөз сөйледі. Семинар барысында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттілігі атап өтілді.