«Ұлт-Ұстазы» Farabi University

«Ұлт-Ұстазы»

23 қараша, 2022

2022 жылдың 23 қараша күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт-Ұстазы» атты іс-шара өтеді!Заң факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен өтті.

Мақсаты:

-Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

-Ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

     Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Сонымен қатар білім алушылардың танымдық деңгейін дамыту Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнегеболып қала бермек.

Ұйымдастырушы ф.ғ.к.,клуб жетекшісі К.А.Айсултанова,Л.М.Алиярова,Г.К.Атабаеа,Г.А.Мусанова