Кафедра ұстаздары «V кезекті қытай тілін оқыту бойынша ашық сабақ және халықаралық семинар» атты конференцияға қатыстыFarabi University

Кафедра ұстаздары «V кезекті қытай тілін оқыту бойынша ашық сабақ және халықаралық семинар» атты конференцияға қатысты

25 қараша, 2022

2022 жылдың 22 қараша күні кафедра ұстаздары «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты және Халықаралық қазақ-қытай колледжі бірлесіп ұйымдастырған «V кезекті қытай тілін оқыту бойынша ашық сабақ және халықаралық семинар» атты конференцияға қатысты. Конференцияға С. Мұстафа, Қ. Дүйсенбай, Р.Ө. Досымбекова, Ф. Оразақынқызы оқу-әдістемелік мақалаларын ұсынды. Конференция жұмысы барысында PhD Е.Ә. Керімбаев «Қазақстанда қытай тілін оқыту үдерісі мен мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасады. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.