Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғамFarabi University

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам

2 желтоқсан, 2022

Жаңа Қазақстанның өркендеуі үшін ізгі бастамаларды қолға алып, жарқын болашаққа бағытталған қадамдардың жүгін артқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, қазақ филологиясы 201-топ студенттері желтоқсанның 2-ші жұлдызында саяси-танымдық іс-шара өткізді.

     Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаяны таныстырылып, еңбек жолы дәріптелді. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Президент Жолдауы таныстырылып, жан-жақты талданды. Патриоттық өлеңдер оқылып, күмбірлеген күй ойналды. Іс-шараны топтың куратор-эдвайзері Абитжанова Жанар Алтынбекқызы қорытындылап, тарихи кезеңде осындай бастаманы деңгейінде атқарып шыққан ұйымдастырушы студенттерге алғыс білдірді.