My Independent KazakhstanFarabi University

My Independent Kazakhstan

2 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «My independent Kazakhstan» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шара тарих, этнология және антропология факультетінің 1 курс және 4 курс студенттерінің қатысуымен және шет тілдер кафедрасының  оқытушылары: Алиярова Л.М., Жиреншина К.А., Атабаева Г.К. Утегенова К.Ч., Абдіжаппар А. ұйымдастыруларымен өткізілді.

Тарих, этнология және антропология факультетінің 1 курс және 4 курс студенттерінің арасынан жүргізуші болған Олжас және Азалия студенттері алдымен іс-шара мүшелеріне арнап құттықтау сөздерін ағылшын жіне неміс тілдерінде сөйледі. Іс-шара ағылшын және неміс тілдерінде өтті. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен «My Independent Kazakhstan» атты іс-шара барысында, ең алдымен іс-шараға қатысушылардың өздерінің ой-пікірлері, презентациялары мен баяндамаларылары екі тілде де тыңдалды.

     Студенттер атақты Бетховен композитороның симфониясын фортепианода ойнап, еліміздің тәуелсіздігәне байланысты викториналар, сұрақ-жауап, ойындар ұйымдастырды.

         Іс-шара мүшелері атақты Американдық әнші Майкл Джексонның “We are the World” әнін орындады. Бұл іс-шара өте қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.