
2022 жылдың 5 –желтоқсан күні сағат 15.00-де заң факультетінде Біріккен Ұлттар ұйымының бастамасымен 2004 жылдан бастап 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтілуіне байланысты Заң факультетінің 1-курс студенттері мен оқытушылары « Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің өкілі з.ғ.к.Усеинова Қарлығаш Рахымжанқызы қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Өз сөзінде Қ.Р.Усеинова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңнама негіздерімен таныстырды.Кеңсенің міндеті ҚР жоғарғы оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқытушылар мен білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Барлық қатысушылар мұқият тыңдап, өз сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптарын алды. Мен ұйымдастырушы ретінде жоба кеңесшісі Қ.Р.Усеиноваға алғысымды білдірдім.
Іс-шараның жалғасы ретінде студенттердің «Сыбайлас жемқорлық және оның салдары» » атты тақырыпта Елтай Ақтөре, Құланқадыр Тоғжан, Есқара Алихан баяндама жасады. Студенттер баяндамаларды құлақ асып тыңдап, мол ақпарат алды. Баяндамалардан соң студенттердің білімін жетілдіру мақсатында викторина ұйымдастырылды.Іс шара қазақ тілде жүргізілді.
Дүйсендаев Мадияр, Алиасқар Балнура, Алчинбаев Талғат, Ким Ақбота, Башкеев Жәнібек, Түсіпхан Айша «Сыбайлас жемқорлық» жайлы слайдтар жасады.
Және де студенттер Рашит Айсұлтан, Бахытжан Тамерлан, Есқара Алихан «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»деген тақырыпта мазмұнды әлеуметтік бейнебаян түсірді.Бейнебаян сондай әсерлі болды. Бұл бейнероликтен студенттер жемқорлық салдары неге әкелетіндігін түсінді.Студенттер болашақ мамандықтарының қыр-сырларын біліп қана қоймай ,бейнебаян түсіруде аса қызуғушылық танытқан.Және де іс шараға қонақ ретінде з.ғ.к, доцент Д.Турсынкулова қатысты.
Іс-шара соңында студенттер домбыра шертіп,скрипкада ойнап, өлең оқып өз өнерлерін көрстіп, жандандыра түсті.
Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы масатым:
- Студенттерге Сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіру.
-Жаңа Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау
- Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Ұйымдастырушы ф.ғ.к.,клуб жетекшісі К.А.Айсултанова.
Басқа жаңалықтар


