Farabi University

25 қараша, 2022

2022 жылғы 25 қарашада Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің 5 залында концерт өтті. Концертке "Логистика" мамандығының студенттері, сондай-ақ Каспий университеті мен Халықаралық бизнес университетінің студенттері қатысты. Концерт барысында домбыра, қобыз дыбыстарымен сүйемелденетін "Көк тудың желбірегені" әні, "Адай", "Көңіл толқыны" күйлері орындалды. Ұйымдастырушылар: "Бизнес-технологиялар" кафедрасының оқытушылары: Калмакова Д. Т., Кошкина О.В., Ерімпашева А. Т., Ахметқалиева С. К.