«Біз Жаңа Қазақстан Ұрпақтары»

2022 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 14.00-де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Біз Жаңа Қазақстан Ұрпақтары» атты іс-шара өтті.
«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында өткен «Біз Жаңа Қазақстан Ұрпақтары» атты іс-шара жас ұрпақтың патриоттық, отансүйгіштік сезімін арттыру, өз елінің тарихын қастерлеуге үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге таныту мақсатында заң факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен және шет тілдер кафедрасының ф.ғ.к. –Айсұлтанова Қ.А., аға оқытушылары – Алиярова Л.М., Атабаева Г.К., Мусанова Г.А. ұйымдастыруларымен өткізілді.
Іс-шараға қатысушы студенттердің ой-пікірлері, презентациялары мен баяндамаларылары тыңдалды.
Студенттер «Менің Қазақстаным» әнін орындап, Қ.Рысқұлбековтың өмірінен қысқаша койылым көрсетті. Еліміздің тәуелсіздігәне байланысты викториналар, сұрақ-жауап, ойындар ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылар:
ф. ғ. к. Айсултанова Қ.А.
аға оқытушылар:Алиярова Л.М., Атабаева Г.К., Мусанова Г.А.
Басқа жаңалықтар


