Біз Қазақстанның болашағы үшін!Farabi University

Біз Қазақстанның болашағы үшін!

2 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 2 желтоқсанында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын талқылауға арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 2 курс магистранттарына кураторлық сағат ұйымдастырып, өткізді. Аталған іс-шара аясында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мен елді дамыту бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды. Топтың куратор-эдвайзері А.Қ. Саргелтаева және магистранттар Президент көтерген проблемалардың өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, патриотизм, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарау мәселелері көтерілді.