ПРЕЗИДЕНТ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2022 жылдың 2 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде 6В01701 - «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2-курс, 204-топ студенттерімен «Президенттің жаңа бағдарламасы» атты тәлімгерлік сағаты өтті. Бұл тәлімгерлік сағаттың мақсаты - студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарламасымен таныстыру, бағдарламадағы өзекті мәселелерді талқылау, білімге, студенттерге қатысты жаңалықтарды жеткізу, ой бөлісу.
Тәлімгерлік сағаттың кіріспе сөзінде эдвайзеріміз ф.ғ.к., профессор м.а. Сарбасов Болатхан Серғазыұлы Президент бағдарламасының өзектілігіне тоқталып, ондағы мәселелерге жан-жақты тоқталды. Негізінен бағдарлама тақырыптары алты бөлімді қамтыған.
Тәлімгер сағатында осы алты бөлімнің әр бөліміндегі жаңалықтармен іске асырылатын шараларды талқылауға баса назар аударылды. Бірінші бөлімде студенттердің жағдайы қарастырылған. Себебі, президентіміз жастарға үміт артып отыр, екінші бөлім халықтың жағдайын әл-ауқатын арттыруға арналған, үшінші бөлім ұстаздарымыздың жалақысын арттыру, төртінші бөлімде азық-түлік бағасында бейжай қалдырмады, бесінші бөлімде халықтың әлмеуттік жағдайын көтеруді назарға алған, алтыншы бөлімде қолжетімді баспана мәселесі талқыланды. Осы аталған тақырыптар бойынша әңгіме жүргізіліп, әр студент өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Білім беру ғана емес, ұлт болашағы, ұрпақтарымызды, тәрбиелеуді, олардың бойындағы рухани адамгершілікті дамыту, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру мәселелері сөз болды. Сол себепті де қазіргі қарыштап дамып бара жатқан заманда, мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында жастардың қосар үлесі мол болу керек деп ойлаймыз. Біз бүгінгі жастар ел болашағы үшін алаңдайтын ұрпақтар қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып, мемлекетеміздің өркендеп дамуына өз үлесімізді қосамыз деп сенім білдіреміз.
Басқа жаңалықтар


