- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының XXXIX ғылыми-әдістемелік конференциясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының XXXIX ғылыми-әдістемелік конференциясы
2009 жылдың 28 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Болон үдерісіндегі жоғары білім берудің сапасын жетілдіру: болмысы, мәселелері және келешегі» атты оқытушы-профессорлар құрамының 39 ғылыми-әдістемелік конференциясы мен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» форумы өтті.
http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/298/ и http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/300/
Суретгалереясы
«Болон үдерісі аясында жоғары білім берудің сапасын жетілдіру: болмысы, мәселелері және келешегі» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорларының ХХХІХ ғылыми-әдістемелік конференциясының қорытындылары
Жаһандану жағдайында білім беру де еліміздің интеллектуальдық даму деңгейіне көп мән беріліп, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының бірі ғана емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің (абырой, даңқ) елеулі факторы болып табылады.
Жоғары білім беруде жаңа жүйені қалыптастырудың бір мысалы ретінде Болон үдерісі жатады, шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен өзінің спецификасын негізін есепке ала отырып, халықаралық тәжірибелерді пайдаланудың жаңа моделін ұсынады. Осы міндетті тиімді жүзеге асыру үшін шет елдердің тәжірибелерін ары қарай үйрену қажет, іргелі ғылыми зерттеулерді тереңдету мақсатында халықаралық қарым-қатынасты кеңейту және оларды оқу-әдістемелік үдеріске белсенді енгізу. Мұның дәлелі университетімізде өткізілген оқытушы-профессорлар құрамының ХХХІХ ғылыми-әдістемелік конференциясы.
Конференцияның басты мақсаты – жоғары білім беру сапасын Болон үдерісінің ұстанымдарына сәйкес арттыру және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлемдік білім беру кеңестігін енуінің тиімді жолын анықтау.
Конференцияға 1403 оқытушы қатысты, ҚазҰУ-дың 159 оқытушысы мен шетелдік қонақтар баяндама жасады.
Пленарлық, секциялық мәжіліс барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
- Болон үдерісі аясында бакалавриат-магистратура-докторантураның оқу үдерісін жетілдіру;
- Болон ұстанымдарына сәйкес жүзеге асатын білім берудің сапасын бағалау көздері мен инновациялық әдістері;
- Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламларын аккредитациялау әлемдік білім беру кеңістігіне енудің факторы ретінде.
Конференцияға қатысушылар жыл сайын өткізілетін ғылыми-әдістемелік конференцияның маңыздылығын айта келе, бірнеше ұсыныстар жасады, оны төмендегіше топтауға болады:
- Болон үдерісінің негізгі ұстанымдарын жүзеге асыру: ЖОО автономиясы мен академиялық бостандығы, оқытушылар мен студенттердің ұтқырлығын көтеру, білім беру бағдарламалары мен дипломдардың мойындалуын салыстыруды қамтамасыз ету және т.б.;
- кредиттік білім беру жағдайында әдістемелік жұмыстарды ары қарай жетілдіру;
- студенттердің сапалы білім алу мотивациясын көтеру, білім нәтижесіне жауапкершілігі, өздік оқу мен өзін-өзі бақылау дағдысын дамыту, ғылыми-зерттеу қызметтерін ынталандыру;
- білім беру мазмұнын жетілдіру;
- білім алудың белсенді және инновациялық әдістерін енгізу;
- білім сапасын бақылауды тиімді көтеру үшін білім берудің сапасын басқарудың әр түрлі деңгейінде қолданудың ұсыныстарын жасау;
- бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау тәжірибесімен алмасу.
Конференцияда ҚазҰУ оқытушылары Болон үдерісі аясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кредиттік бакалавриат-магистратура-докторантура көп деңгейлі білім берудегі сапасын жетілдіру бойынша тәжірибелері оң бағаланды. Конференция қатысушыларымен бірге ИНТРАНЕТ жүйесін дамытуға байланысты мынандай мәселелер анықталды: сыртқы бағалау мен бақылау әрекеттерін жандандыру және ары қарай жетілдіру; оқытушылар мен ОПҚ біліктілігін көтеру үшін жаңа ойлауды қалыптастыру жұмыстарына бағытталуы қажет.
Конференция секцияларына қатысушылардың ұсынысын ескере отырып, келесі ұсыныстар жасалынды:
- факультетте оқу үдерісінің сапасын көтеруді қамтамасыз ету үшін білім берудің интерактивті, инновациялық әдістері мен формаларын енгізуді жандандыру жолдары, студенттің білім беру стратегиясын әрбір студенттің білім беру бағдарламасын өзіндік тәсілдерін құра отырып өзгерту;
-
- Академиялық мәселелер жөніндегі Департаменттің әдістемелік бөлім мен оқу-әдістемелік жұмыстар Департаменті тәжірибиесі мол шетелдік оқытушылар мен ҚазҰУ оқытушыларымен курстарды оқытатын модераторларды шақыру арқылы оқытушылар арасында тренингтер, мастер-класстар өткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар, жаңа білім беру технологияларын меңгеру үшін ОПҚ біліктілігін көтеру үшін шетелдерде машықтандырулар ұйымдастыру;
- Академиялық мәселелер бойынша Департамент білім берудің сапасын көтеру ОПҚ мен бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері үшін медиобілім беру бағдарламаларын жасауды ұйымдастыруы және енгізуі қажет;
- Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі Департамент Болон үдерісі ұстанымдарын табысты жүзеге асыру мақсатында және ҚазҰУ білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкестігіне:
а) мамандықтар бойынша МЖМБС мен классификаторға нақты талдау жасап, ҚР МЖМБС мен жетекші шетелдік ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын біртекті бойынша бірізді ғылыми-әдістемелік жолдарын жасау;
б) бір ай ішінде МЖМБС мен шетелдердің білім беру бағдарламаларын бірізділендіру үшін әдістемелік ұсыныстарды жасау және оны іске асыру кестесін жасау;
- Білім беру моделдерінің тиімді әрі сапалы болу мақсаты үшін нарық сұранысына, өндірістің бағыттары мен міндеттеріне сай сапалы мамандарды даярлауға сәйкес мониторинг жүргізетін әлеуметтік топ құру керек;
- Халықаралық қарым-қатынас департаменті оқу-әдістемелік департаментімен біріге отырып, ҚР БжҒМ екі дипломды білім беру экспериментальды бағдарламаларына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қосу механизмін жасу қажет;
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті шетел жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып жоғары білікті мамандарды дайындау халықаралық келісімдерге ревизия жасау қажет (жыл аяғына дейін);
- Академиялық мәселелер бойынша департамент пен ғылым және инновациялық қызмет департаменті студенттердің ғылыми қызметке белсенді араласуын, ғылыми қызметтерінің нәтижесін оқу үдерісінде кірігуін ғылыми-негізделген тұжырымдамасы мен механизмін жасау қажет;
- Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті білім беру үдерісіндегі жеке даралауды кредиттік білім беру жүйесі жағдайында студенттердің тәрбие жұмысының тұжырымын жасау қажет;
- Факультет декандары жаңа оқу жабдықтарына жауапты адамдарды тағайындап, оқу үдерісінде оны пайдалану үшін ОПҚ оқыту семинарларын өткізсін.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ конференцияға қатысушылары конференция жұмыстарын жақсы ұйымдастырылуы мен рахмет айтты.