Шет тілдері кафедрасының ПОҚ қысқы мектебіFarabi University

Шет тілдері кафедрасының ПОҚ қысқы мектебі

13 қаңтар, 2023

2023 жылдыі 6-13 қаңтар аралығында филология факультетінің Шет тілдері кафедрасының оқытушылары үшін әдістемелік семинарлар өткізілді. Семинар тақырыптары Көктемгі семестрдің басына орайластырылып, өзектілігін көрсетті. Мысалы, кафедра оқытушылары шет тілін оқытуда интеграция карталарын жасау, сабақтарға онлайн курстарды енгізу, сабақ жоспарын жоспарлау, ойындар, әндер қолдану және т.б. бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

2023 жылғы 6 қаңтарда аға оқытушы З. А. Тілеуғабылова "Шет тілдерін оқытудағы Онлайн курстар" тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өткізді.

11 қаңтарда оқытушы Т. А. Меркибаев "Teaching English through songs"тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

12 қаңтарда аға оқытушы Михальченко Елена Николаевна, "Lesson planning" семинарының тақырыбына және аға оқытушы Шаяхмет Әсел Кинаятқызы, "Сorpus-Based Approach in Teaching English" тақырыбына әдістемелік семинар өткізді.

13 қаңтарда оқытушылар Жемилева Мадина Маратовна - "Білім беруде ақпараттық технологияларды білім беру сапасын арттыру құралы ретінде қолдану" тақырыбына, Кеңесбаева Н. М. "Ақпараттық коммуникациялық технологияның танымдық белсенділігі артырудағы еңбектері" тақырыбына, Әбдіжаппар Әйгерім Әбдіғаппарқызы "Тіл үйренуге қызығушылықты арттыру мақсатында ағылшын тілі сабақтарында ойынды пайдалану" тақырыбына, Суттибаев Нұрбахыт Абитайұлы "Шетел тілін қашықтан оқыту технологиясының тиімділігі" тақырыбына әдістемелік семинар өткізді.