“Түркі және Алтайтану институтының” салтанатты түрде ашылуы
23 қаңтар, 2023

Бүгін әл-Фараби КазНУ тарихында айтулы күн! Бүгін университеттің жанынан “ТҮРКІ және АЛТАЙТАНУ институтының” салтанатты түрде ашылуы болды. Ғылым - қоғам дамуындағы үлкен қозғаушы күш. Осы тұрғыдан түркі дүниесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, еліміздің ғылыми әлеуетін айқындауда институттың берері мол. Осы институттың ашылуына бірден-бір себепші тұлғалар ректорымыз Жансейіт Қансейітұлына, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Раушан Амирдинқызы Аваковаға және осы ісшараның басы-қасында жүрген барлық азамат(шалар)тарға ғылымдағы жетістіктеріңізге сәттілік тілеп, бүгінгі қуанышты күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025