"Қазақ фольклорының өзекті мәселелері мен даму болашағы"

2023 жылдың 9 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы белгілі ғалым, фольклорист, филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Тілеубаев Советхан Баянұлының 60 жылдығына арналған "Қазақ фольклорының өзекті мәселелері мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оның отырысына ірі қоғам және мемлекет қайраткері, ақын-драматург Н.М. Оразалин, Абай атындағы ҒЗИ директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Д. Дәдебаев, М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі А.М. Сайтбеков, филология ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры З.Н. Сейітжанов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі А. Досымбаев, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, доцент Г.Ж. Орда қатысты. Дөңгелек үстел аясында қазақ фольклорының қазіргі жағдайы, оның даму ерекшеліктері мен үрдістері қарастырылды. Отырыс кезінде ХХІ ғасырдың басындағы тарихи-мәдени үдерістегі, жеке тұлғаны қалыптастырудағы ауызша халық әдебиетінің рөлін атанды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз баяндамаларында қазақ фольклорының идеялық-тақырыптық мазмұнын, жанрлық алуан түрлілігін ашты. Әдебиет пен ауызша халық шығармашылығының сабақтастығы мәселесіне ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар


