
Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Басқару және бизнес факультетініңшақыруы бойынша Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар»кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы2023 жылғы 3 наурызда «Жоғары оқуорындарының түлектерін жұмысқа орналастыруфакторы ретінде құзыреттілікті бағалау» дөңгелекүстелінің жұмысына онлайн форматта қатысады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-түлектің моделінқалыптастыру және олардың бизнес саласындағыболашақ мамандарға қажетті кәсібиқұзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерінің кеңауқымында талқылау.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің дөңгелек үстелге қатысушылары: ЭжБЖМ деканы, э.ғ.к., профессор м.а. БимендиеваЛ. А., «Бизнес – технологиялар» кафедраныңмеңгерушісі, э.ғ. к., қауымдастырылған профессор (доцент) Ахметова З. Б., э.ғ.к. Қажымұратова А. К., т.ғ.к. Ахметқалиева С. К., э.ғ.к Серікбаев С. К., ғылым магистрі Маликова Р. М.
Баяндамашы – э.ғ.д. Өскеленова А. Т.
Іс-шараға жауаптылар: Ахметова З. Б., СартоваР. Б.
Басқа жаңалықтар
