
SmartMarketing and Logistics centre алаңында 2023 жылғы 21ақпанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының "Маркетинг" мамандығының 3 курс студенттері үшін Алматы қаласының мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры ДО " Отбасы" Жастар ресурстық орталығынан отбасылық кеңесші, психолог Гүлмира Баймұратқызы "Жастарға арнаған бос уақытты тиімді өткізу" тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг студенттерге ұнады, ақпарат толық көлемде берілді, қызықты, қолжетімді! Тренерді тыңдай бергің келеді, студенттер өте сапалы ақпараттар алды.
Іс-шараға жауапты: «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушысы Ибраева Л.М.
Басқа жаңалықтар

20 маусым, 2025

20 маусым, 2025