Халықаралық конференцияFarabi University

Халықаралық конференция

25 ақпан, 2023

2023 жылғы 24 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Modern education: content, technology, guality» тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. 

Іс-шараның ашылуына кіріспе сөз кафедра меңгерушісі Даулиева Ғ.Р. берілді. Конференция спикерлері Болон университетінің 1 курс магистранты Рүстем Молдыбаев «Promising learning technologies» тақырыбында және Цукуба университетінің 1 курс магистранты Аружан Бекбосынова «Problems of improving the quality of training of specialists with higher education» тақырыбында және ҚазҰУ 1 курс магистранттары «Public-professional accreditation of educational programs and certification of graduates» бағдарламанегізінде өткізілді.

Конференция барысында магистранттар оқытудың перспективалық технологиялары, қашықтықтан білім беру, жоғары білімі бар мамандар дайындаудың сапасын жоғарлату мәселелері, білім беру бағдарламаларын қоғамдық-кәсіби аккредиттеу және түлектерді сертификаттау тақырыптарында сөз қозғады. Іс-шара барысында магистранттар түрлі сұрақтар бойынша пікір алмасып, ортақ тіл тапты. Шет елдік магистранттар өздері білім алып жатқан университет жүйесі жайлы ақпараттар берді.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы «Экономика» кафедрасының  меңгерушісі Даулиева Ғ.Р., Кондыбаева С.К., Иляшова Г.К., Бейсенбаев Ж.Т., Тураров Д.Р. және 1 курс магистранттары.