ҚазҰУ студенттері үшінші даму мақсатын қолдауға дайын Денсаулық және амандықFarabi University

ҚазҰУ студенттері үшінші даму мақсатын қолдауға дайын Денсаулық және амандық

14 ақпан, 2023

14 ақпан күні Шет тілдер кафедрасы механика-математика факультетінің 1 курс студенттерімен, робототехника , математика мамандығының оқу-тәрбие іс- шарасы өткізілді. Тәрбие жұмысына қатысушылар салауатты өмір салтын, студенттердің бағдарламаларын талқылады, тұрақты даму мақсаттарының әл-ауқаты үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. Талқылауға Ресей, Түркия, Қазақстан және Қырғызстаннан келген студенттер қатысты. Шетелден келген студенттер видеосауалнамаларын алдын ала жіберді. Ал басқа елдердің тұрғындары өз денсаулығына қалай қарайды ? деген сұрақтың аясында. Уақыт белдеулерінің айырмашылығына қарамастан барлығы бір-бірін түсінді. Шара нәтижесінде 1 курс студенттері пайдалы тағам, тағамды қалай жеу керек, қандай дене жаттығулары курстастары үшін өте пайдалы екендігі туралы презентацияларды алдын ала дайындап, қорғады.