Деректер ғылыми саласымен студенттерды таныстыру дәрісі

25 наурыз, 2023

2023 жылдың 24 наурызында сағат 14.00-де 219 аудиторияда «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Джулаева А.М., э.ғ.д., доцент Кунанбаева Д.А. және 1 курс докторанттары Тюлькубаева А.К., Унербаева Р.У., Доспаева Л.Б. ұйымдастыруымен студенттерді деректер ғылымы саласымен таныстыру мақсатында дәріс өтті. Дәріске жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Ахтаева Н.С. қатысты. Дәріс қонағы Data Science, Machine Learning and Artificial Intelligence бойынша сарапшы  Тюлькубаев Нуралы Курбаналиевич  «Introduction to Data Science» тақырыбында жан-жақты ақпарат берді. Қазақстандағы алғашқы мамандардың бірі ретінде өзінің отандық және шетелдік банк, қаржы және ИТ саласындағыбасқарушылық тәжірибесімен бөлісті. Дәріс тыңдаушыларын деректер ғылымы саласының мүмкіндіктері мен болашағы, осы салада мансапты басқару сатылары, жұмысқа орналасу жолдарымен таныстырды.