Нормативтік құжаттарды түпнұсқадан аудару – өзекті мәселе

17 мамыр, 2023

Шығарылған өнімнің де, көрсетілген қызметтің де сапасы әлемдік стандарт талаптарына сай болуы қажет. Мәселен, болашақ білікті мамандардың негізі жоғары оқу орындарында қаланатыны баршаға аян. Сондықтан сапа мәселесін ЖОО-да білім алып жатқан жастардың санасына сіңіру күн тәртібінен түспеуі тиіс. Себебі сапа мықты болу үшін сапалы маман даярлау қоғам алдындағы өзекті мәселе екені жасырын емес. 

Сапалы бухгалтерлік есеп жүр­гізу мен қаржылық есептілік жа­сау­дың да, осы саланың ма­мандарын даярлаудың да сапасы бүкіл әлем таныған ортақ құжат – Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары кеңесі (IASB) қа­былдаған Халықаралық қар­жылық есептілік стан­дарт­та­ры­ның (ХҚЕС) талаптарына сай бо­луға тиіс. Яғни жоғары оқу орын­дарында «Есеп және аудит» мамандығын оқыту үрдісі ХҚЕС талаптарына сай болуын талап етеді.

1973 жылы құрылған Ха­лық­аралық бухгалтерлік есеп стан­дарттары жөніндегі комитет (IASC) Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (IAS) сериясын енгізді. Ал 2001 жылы өмірге келген Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары кеңесі (IASB) IAS стандарттарын қабылдауға және оны болашақта ХҚЕС (IFRS) сериясы бойынша жетілдіріліп ұсы­нылатын стандарттарды «Қар­жылық есептіліктің халықаралық стандарты» деп атауға келісті. ХҚЕС (IAS) сериясы бойынша қабылданған стандарттар жетіл­діріліп, ХҚЕС (IFRS) стан­дарт­тарымен алмастырылады деген шешім қабылданған болатын. 2001 жылға дейін ХҚЕС (IAS) сериясымен қабылданып, қол­да­нысқа еніп, ұсынылған 41 стан­дарттың қазіргі кезде 18-і ХҚЕС (IFRS) сериясы бойынша жетіл­ді­ріліп, қолданысқа енгізілді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бүкіл әлемде есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасаудың сапасы ХҚЕС талаптарына сай болуын қатаң талап етеді. Жо­ғары оқу орындарында негізі қаланатын болашақ мамандар оқу үрдісінде ХҚЕС талаптарын зерделеп-зерттеп бойына сіңіруі тиіс. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары кеңесі (IASB), ХҚЕС эксклюзивті құжат болып табылатындықтан, түпнұсқада ағыл­шын тілінде қолдануды қатаң талап етіп ескертті. Кезінде та­лап­ты сақтамаған кейбір ТМД елдерімен даулы кикілжіңдер де болған. ХҚЕС аудармасын алғаш болып Ресей ұсынған-тын. Шы­нын айту керек, біз де сол Ресей­де тәржімаланған аудармасын мем­лекеттік тілге аударып қол­данып келдік. Түпнұсқадан ау­да­ры­лған орысшасының да, орыс­ша­дан тікелей аударылған қа­зақ­шасының да сапасы сын көтермейтіні, орыс тіліндегі мәтін мен қазақ тіліндегі мәтінді салыс­тыр­ған кезде мазмұн-мағы­на­сының сәйкес келмейтін тұстары көзге айқын көрініп тұрды. Түп­нұсқадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аударған аудар­машы­лардың басқа мамандықтың өкіл­дері екені анық байқалды.

Студенттер, магистранттар, док­то­ранттар мен жас оқыту­шы­ларға ХҚЕС-ті мемлекеттік тілде игеру қиындық туғызып келді. Сондықтан осындай өзекті мә­селе ҚР Қаржы министрлігі тара­пы­нан Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС) түпнұсқадан осы саланың және тіл мамандарының қатысуымен сапалы аудармасын ұсыну ше­шімін тауып, қамтамасыз етілуі тиіс деген өтініш-пікірімізді қар­жы министрінің назарына ұсын­ған болатынбыз. Ұсыныстың не­гіз­ді екенін түпнұсқадан ау­да­рылып, нәтижесін беріп, игі­лі­гін көріп отырған «Жаңа гума­ни­тарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы дә­лел­дей түсетіні шүбә келтірмейді.

Мақалада көтерілген мәсе­ленің ҚР Премьер-министрінің орын­басары Е.Жамаубаев бас­қа­рып отырған Қаржы минис­тр­лігінің тарапынан қолдау тауып, ҚР Қаржы министрлігінің 21 шіл­де­дегі (2022 ж.) №741 бұйрығ­ы­мен бекітілген «Бухгалтерлердің әдеп кодексін соңғы нұсқасына сәйкес, ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне ХҚЕС, ХАС ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жөніндегі жұмыстарды қабылдауға арналған комиссия құрамына» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі Қаржы және есеп кафедрасының бір топ оқы­т­у­шылары, экономика ғылы­мы­ның кан­дидаттары, қауым­дас­ты­рыл­ған профессорлар Б.Сұл­т­анова, Г.Нұрғалиева, Ж.Оралбаева, PhD докторы Г.Жүнісова, аға оқытушы А.Арыстанбаева еніп, Халық­ара­лық аудит стандарттарының (ХАС) мемлекеттік тілге аударылған мәтінін редакциялап, 2022 жыл­дың 15 қарашасында комиссия шешімімен қабылдануына сүбелі үлес қосқаны үшін Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Түймебаевтың атына алғыс хат келді. Бұл жұмыстың Халықаралық қаржылық есеп­ті­лік стандарттарын (ХҚЕС) түп­нұ­с­қадан мемлекеттік тілге аудару бойынша жалғасын тауып жат­қаны қуантады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, ын­ты­мақтастықта атқарылып жат­қан осындай жұмыстардың білім сапасының артуына нәтижелі ықпал ететіні күмәнсіз.

 Мәди БАЙДӘУЛЕТОВ,

Қаржы және есеп кафедрасының аға

оқытушысы, э.ғ.к.