Су сапасын жақсарту әдістері ұсынылды

5 маусым, 2023

ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО ка­фе­драсының студенттері, магистранттары мен оқы­ту­шылары сумен жабдықтау және санитария сала­сын­дағы экологиялық реттеу және бақылау тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып, Дүние­жү­зілік су ресурстары күнін атап өтті.

Іс-шараның мақсаты – ха­лық­тың сапалы ауызсуға қол жеткізу проблемаларын және Қазақ­стан­ның барлық өңірлерін сумен жабдықтаудың күрделілігін, Тұ­рақты дамудың алтыншы мақсаты – таза су және санитарияға қол жеткізу жолдарын талқылау.

Айтулы іс-шараға Алматы қа­лалық экология және қоршаған орта басқармасы, Балқаш – Ала­көл бассейндік инспекциясы және «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері қа­тысып, еліміздің су ре­сурс­тарының қазіргі жай-күйін, суды үнемдеу жүйесі мемлекеттік мекемелердің міндеттерін және өткізілген іс-шаралардың қоры­тын­дыларын баяндады. Сондай-ақ қонақтар студенттермен өз қыз­меті саласындағы жеке жұ­мыс тәжірибесімен бөлісті. Білім алушылар Қазақстанның тран­с­шекаралық су бассейнін пай­да­лану бойынша Ресей Фе­де­ра­циясы, Қытай Халық Рес­­­публикасы, Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен халық­ара­лық суларды бірлесіп пайдалану және қорғау жөнінде келісімдер қабылданғаны жайында ақпарат алды.

Қазіргі таңда ҚР су қорының экологиялық жағдайы маңызды мәселелердің бірі болып тұр. «Қаз­гидрометтің» мәліметінше, 2022 жылы ластанудың ең жо­ғары көрсеткіштерін көрсеткен су пайдаланудың барлық түрлеріне жарамсыз 20 су нысаны анық­талды. Оның ішінде: Катта-бугунь, Тобыл, Абақан, Желқуар, Ақ­бұлақ, Сарыбұлақ, Нұра, Ақсу, Та­лас, Аса, Қара Кеңгір, Соқыр, Шерубайнұра өзендері, Жоғарғы Тобыл, Амангелді, Шортанды, Тасөткел суқоймалары.

ҚР жерүсті су объектілерінің негізгі ластаушылары тұз құра­мының негізгі иондары (магний, хлоридтер, кальций, сульфаттар), биогенді және органикалық қо­сы­лыстар (аммоний-ион, жалпы фосфор, фосфаттар, жалпы те­мір), ауыр металдар (кадмий, мар­ганец, никель, мыс, мырыш), фе­нолдар және жүзгін заттар бо­лып табылады. Осы көрсеткіштер бо­йынша сапа нормативтерінің артуы табиғи-климаттық және антропогендік факторларға, та­рихи ластануларға, әртүрлі ша­руа­шылық бағыттағы кәсіп­орын­дар мен коммуналдық кә­сіп­орындардың сарқынды су­ла­рының төгілуіне және т.б. байланысты.

Халықты ауызсумен жаб­дық­тау мәселесіне келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысы бо­йынша, сумен жабдықтау қыз­меттерімен қамтамасыз ету 96 па­йызды құрады, оның ішінде қалаларда – 98,1 пайыз, ауыл­дарда – 93 пайыз.

Семинарға қатысушылар сон­дай-ақ Гази университеті (Анкара қ., Түркия) инженерлік фа­куль­те­тінің профессоры Осман Нури Өздемирдің онлайн форматтағы баяндамасын тыңдады. Онда түрік ғалымдары әзірлеген су сапасын жақсарту әдістері ұсы­ныл­ды. Профессор суды та­зарту әдіс­терінің нәти­же­лерімен бө­лісті. Ал қазақстандық Жану проб­­ле­малары инсти­ту­ты­ның ға­лымдары өз тұтыну­шы­ларын кө­міртекті сор­бенттерге негізделген озонатор, сүзгілермен таныс­тыр­ды.

Іс-шара су тақырыбына ар­нал­ған викторинамен аяқталды.

 Қорлан ХАМИТОВА,

аға оқытушы

 Назерке МЫРЗАХАНОВА,

магистрант