ҚазҰУ ғалымы «Құқық өмірі» халықаралық конференциясына қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық институтының директоры Арон Сәлімгерей Краснодар қаласында (Ресей) өткен «Құқық өмірі: құқықтық теория, дәстүр және шындық» атты бірлескен жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараны А.А.Хмыров атындағы Кубань мемлекеттік университеті заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы ұйымдастырды. Оған Италия, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, Қазақстан ғалымдары қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық институтының директоры өз сөзінде шығыстың ұлы ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби идеяларының маңыздылығына тоқталып, оның қызметі мен еңбектері еуропалық жаңғыруға үлкен әсер етіп, батыс пен шығыстың мәдениеттері мен дүниетанымын жақындастыратын көпір болғанын атап өтті.
Баяндамада әл-Фарабидің «әрбір басшының басты міндеті – идеалды қоғам құру керек» деп сенімі білдірілген «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа» ерекше назар аударылды. Сондай-ақ бұл мақсатқа жету үшін сана мен ақыл-ойды үнемі дамытып отыру керек делінген.
Бұл ретте әл-Фараби трактатының Кубань мемлекеттік университеті және Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі армия генералы Е.Н.Зиничев атындағы Санкт-Петербург университеті өткізген конференция тақырыбымен байланысы көрсетілді. 2023 жылдың 3 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Антиэйджинг – құқықты дамытудағы жаңа бағыт» конференциясы өткен болатын. Онда адам өмірін ұзарту шарттары ең алдымен мемлекеттің бірінші басшыларының құзыретіне байланысты деген негізгі идея болды. Бүгін біз әл-Фарабидің жалпыадамзаттық құндылықтары туралы өзекті идеялары әртүрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастық түрінде жүзеге асатынын көріп отырмыз. Құқықтық ғылымның тәжірибемен байланысы, жас және тәжірибелі ғалымдар арасындағы білім алмасуы құжат түрінде бекітіліп отыруы өте маңызды. Сондай-ақ ҚазҰУ-дың қазақстандық ғылымды дамытудың оң тәжірибесін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, оның ішінде достастық елдері арасында тарату қажет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі