16 наурыз 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін экспертік бағалайтын Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылар тобы келіп қайтты

16 наурыз, 2012

16 наурыз 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін экспертік бағалайтын Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылар тобы келіп қайтты.

Сапар университеттің еліміздегі және Орта Азия бойынша жетекші ғылым, білім және инновация орталығы ретіндегі беделіне тікелей байланысты. ЕО өкілдері ҚазҰУ ғалымдарының еңбектерімен және ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесімен танысты, дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты. Ректор Ғалым Мұтановпен кездесуде ғылым-білім саласының сұрақтары, ЕО ғылыми бағдарламасына университет ғалымдарының қатысу мүмкіндіктері қаралып, Жетінші дәстүрлі Бағдарлама (FP7) ЕС бойынша ғылыми-техникалық даму мен инновацияға жекелеп тоқталды.

Сарапшылар жұмысының нәтижесі мен олардың ұсыныстары елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық дамуын жақсарта түсуге қолдану үшін ҚР Үкіметіне жолданатын болады.

ЕО (FP7) бағдарламасына Қазақстан 1995 ж. қосылды. Бұл 53 миллиард еуро бюджеті негізінде ғылым мен инновацияны қолдауға арналған 2007 мен 2013 жылдар аралығына негізделген жеті жылдық кезеңді қамтитын әлемдегі ең ірі бағдарлама. Еуропалық Одақтың Еуропадығы зерттеуді қаржыландырудағы басты құрал болып табылады және жұмысқа қамтуды реттеу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өмір салтын жақсарту мәселелеріне арналған. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан 265 топ ғалым зерттеуге 17 миллион еуро қаржы көлемінде грант иеленді. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша қазақстандық институттардың қатысуымен 19 жоба қаржыландырылуда.

Халықаралық сарапшылар тобын әртүрлі елдердегі жоғары рангтағы тәжірибелі саясаткерлер мен сарапшылар құрайды:

· Манфред Хорват – топ жетекшісі, ЕО бас сарапшы аналитигі, Вена Технологиялық Университетінің профессоры (Австрия).

· Профессор Жан Люк Клема – Жоғары білім және ғылым Министрінің кеңесшісі (Франция).

· Магрит Харъюнг – Көлік, Инновация және Технология Федеральді Министрлігі қаржыландыру және технология бөлімі бастығының орынбасары(Австрия).

· Зигмунт Красински – Еуропалық Одақ ғылыми бағдарламалар ұлттық үйлестірушісінің орынбасары, Польша Ғылым Академиясы (Польша).

· Вардан Сахакян – Армения мемлекеттік Ғылым Комитеті департаментінің директоры (Армения).

· Михаэль Шлихт – Ресей мен ТМД әріптестігі бойынша департаменттің директоры, Ғылым және Білім Федералді Министрлігі (Германия).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі