"Ш.Ш. Сәрсембиев оқулары" аясында конференция өтуде

18 мамыр, 2012

17 мамыр күні физика-техникалық факультетінде ҚР ҰҒА академигі Ш.Ш.Сәрсембиновтың құрметіне арналған «Конденсирлеген күй физикасы, нанотехнологиялар және наноматериалдардың заманауи мәселелері» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.


С.Ш.Шәріпұлы 1944 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Түрген ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Талдықорған қаласынан 10 км қашықтықтағы Елтай аулында өткен. 1962 жылы мектепті бітірісімен, ұстазы Петр Ивановичтің кеңесімен бұрынғы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ-тің физика факультетіне түседі. Алайда жасы келіп, әскер қатарына шақырылады.

1967 жылы оралып физика факультетінде құрылған қатты дене және бейсыздық кафедрасының алғашқы студенттер қатарына енеді.

Шәмші Шәріпұлы өзі айтқан бір сөзінде менің өмірімдегі ерекше бір оқиға ол қатты дене және бейсыздық кафедрасымен тікелей байланысты деген екен.

1969 жылы университетті аяқтап, академик М.И. Корсунсийдің ұсынысымен А.Ф. Иоффе атындағы Физика-техникалық иститутының аспирантурасына түседі.

Өзінің еңбек жолын 1973 жылы бұрынғы Киров атындағы ҚазҰУ-де қатты дене және бейсыздық кафедрасында ассистент қызметінен бастап, профессор, кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі дәрежесіне дейін көтерілген тұлға.

1983 жылы наурызда Ш.Ш.Сәрсембинов М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтының диссертациялық кеңесінде докторлық диссертациясын қорғайды.

1995 жылы профессор Ш.Ш. Сәрсембиновтың бастамасымен «Физика» мамандығы бойынша магистранттарды дайындайтын бағдарлама Республикада алғаш рет құрылған. 2008 жылы Ұлттық нанотехнологиялық зертхананың алғашқы директоры болған. Өмірінің соңғы жылдарында ҚР-ғы наноғылым мен нанотехнологияны дамытудағы республикалық бағдарламаны әзірлеуге өз үлесін қосқан қайраткер.

Академик Ш.Ш.Сәрсембиновтің 300-ге тарта ғылыми еңбектері республикалық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар алпауыт АҚШ-тың, Германия, Францияның Карлсруэ, Марбурга, Ерлангена Мюнхена, Гренобля университеттерінде дәріс оқыған.

Наноғылым мен нанотехнологияны дамытуға ерекше көңіл бөлген тұлға.

Бар ғұмырын ҚаҰУ-ге арнаған академик туралы бүгінгі жиында көп естеліктер айтылды. Мәселен, ол өте талантты, тік мінезді мақсатына жету жолында адал академик болғандығы, әрқашан көшбасшылықтан көрінетін талант иесі және әріптестері мен студенттерінің сырын терең түсініп, қолдау көрсететін жайдары жан еді,- деп еске алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі