"Жетісу" Алматы облыстық қоғамдық-саяси газет
Білімнің қара шаңырағы
Әл-Фараби атындағы Қазақ университеті 1934 жылы іргесі қаланған ірі білім және ғылым ордасы. Ұлт зиялылары дәріс оқыған бұл шаңырақ ел элитасын даярлайтын жетекші ЖОО екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Өзінің 77 жыл тарихында ҚазҰУ күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті, 135 мыңнан астам түлекті қанаттандырып, үлкен өмірге жолдама берді.Ел ауызындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды. Математика, физика, басқа да жаратылыстану салалары бойынша ауқымды ғылыми жұмыстар осы жерде іске асырылды. Киелі шаңырақта білім алған студенттер бүгінде мемлекеттік қызметте, билікте, басшылықта және шетелдік компаниялар сияқты айтулы мекемелерде қарымды еңбек етуде.
Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шындалып шыққандар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – Тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады» деп жоғары баға беруі ұара шаңырақтың жоғары беделін аңғартады.
Университет түлектері байтақ Отанымыздың барлық түкпірінде жеңісті де жемісті еңбек етіп жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дәстүрлер жалғастығы мен заманауи инновациялардың тоғысқан алаңы.
Қазақстанның және Орталық Азия мемлекетінің ішіндегі ең үздік оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Болон үдерісіне енуі аталмыш білім ордасын тәмамдаған студенттерге Болон Хартиясына мүше 46 елдің кез-келгенінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-дың Ұлттық зерттеу университетіне айналуы жолында кафедралар іріленіп, факультеттер кластерлік негіздегі сипатқа бағыт алған. Кафедралардағы жаңашылдық жағдайлар университеттің бәсекеге қабілеттілігін нығайтады. Университет құрамында 14 факультет, колледж, бірнеше ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. Қара шаңырақта 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академияның академигі, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаты, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаты мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианты еңбек етеді. ҚазҰУ тәжірибе алмасып, ынтымақтыстықты дамыту және студенттерді алмасып оқытуда сонымен бірге6 заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орынымен әріптестік орнатқан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология, шығыстану, география, тарих, халықаралық қатынастар, журналистика, механика-математика, физика, филология, философия және саясаттану, химия, заң, экономика және бизнес факультеттері бойынша мамандар даярланады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі университеттің ірі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып танылады (1949 жылы экономикалық факультет ашылды). Түрлі реформалардан кейін 2010 жылы шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде экономика және бизнес факультеті экономика және бизнес Жоғары мектебі болып аталды. Экономика және бизнес Жоғары мектебі 4 кафедрадан тұрады: менеджмент және маркетинг; қаржы; есеп және аудит; экономика.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінде ғылыми дәрежелі профессор-оқытушылар құрамының үлесі – 60 % (22 ғылым докторлары, 51 кандидаттар и 7 PhD докторлары). «Болашақ» бағдарламасының 9 түлегі сағаттық төлем бойынша жұмысқа қабылданған. Оқу үдерісі заман талаптарына сай, заманауи инновациялық әдістемелерді қолдану арқылы классикалық білім берудің үздік дәстүрлері негізінде жүргізіледі. Экономика және бизнес Жоғары мектебіндегі 3000-нан астам студенттің 2800-ден астамы күндізгі бөлімде оқиды. Сондай-ақ, жоғары және орта кәсіби білім негізінде қысқартылған курстар бойынша мамандар даярлайды. Экономика және бизнес Жоғары мектебі, экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, логистика мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Экономика және бизнес Жоғары мектебінде ағылшын тілінде дәріс алатын академиялық топтар құрылған. Сонымен қатар, оқу барысында студенттердің әскери дайындықтан өтуге мүмкіндіктері бар. Экономика және бизнес Жоғары мектебі жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатқан. Студенттер алған теориялық білімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, Казкоммерцбанкі, Алматы қалалық Салық департаменті, Қазақстан Халық Банкі,Альянс Банкі, АТФ Банкі, Центр Кредит Банкі, БТА Банкі, КазИнвестБанкі, Еуразиялық Банкі, Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі, Delta Bank, Альфа Банкі, Алматы қ. қаржылық бақылау комитеті, ҚазТрансОйл, «Қазмұнайгаз» АҚ, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша Агенттік, Инвестициялық қорлар және компаниялар, Зейнетақы қорлары, АҚ «РФЦА», ҚР есеп комитетіндегі қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, ҚР Табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттік, ТОО «Алтын Мирас», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, «Machinery Service Ltd», Қазақстан Республикасы салық кеңесшілерінің Палатасы, Сақтандыру компаниялары, «Ақсай» ЖШС, «ACIG», «ТАТ» қаржы корпорациясы, ТОО «Nurikon» және т.б. компанияларда өндірістік тәжірибелерден өту арқылы шыңдай алады. Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Ғылым мен педагогикалық қызметке бейім студенттердің магистратураға, кейін докторантураға (PhD) түсу мүмкіндіктері бар. Магистратура бөлімінде экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,маркетинг, құқық және экономика негіздері, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару мамандықтарын игереді. Ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу мерзімі 2 жыл болса, профильді магистратурада оқу мерзімі 1 жыл.
МВА (іскерлік әкімшіліктендіру мастері) бағдарламасы да қалыптасқан. Экономика және бизнес Жоғары мектебі орта және жоғары буын менеджерлерін МВА бағдарламасы аясында мына мамандықтар бойынша жүргізеді «МВА – Менеджмент», «МВА – Қаржы», «МВА – Экономика (Инновациялық кәсіпкерлік)». МВА бағдарламасының мақсаты – кәсіби менеджерлер даярлау, бизнес туралы жаңа білім беру, оны қолдану бойынша қабілетті меңгеру, стратегиялық ойлау және лидерлік қасиетті жетілдіруге мүмкіндік беретін өзгермелі перманентті жағдайда басқару қабілетін қалыптастыру. Оқу мерзімі 1,5 жыл. Күндізгі оқу бөлімі, сабақ кешкі уақытта жүргізіледі. 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- де бірінші рет «МВА (іскерлік әкімшіліктендіру мастері) - Менеджмент» бағдарламасы бойынша біріші түлектер бітірді. Докторантура бойынша экономика және бизнес Жоғары экономика, менеджмент, инновациялық менеджмент, есеп және аудит, жобаларды басқару, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарына дайындайды. PhD докторларын дайындау экономика саласында елеулі үлесі бар отандық және шетелдік ғалымдардың жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Жоғары мектеп ғылыми-инновациялық қызметті жетілдіру мақсатында Малайзияның Ислам университетімен, Дарем Университетімен (Ұлыбритания), Ниш Университетімен (Сербия), Нортхемптон Университетімен (Ұлыбритания), Страсбург Университетімен (Франция), Новосібір Мемлекеттік университетімен (Россия), РУДН (Ресей, Москва қ.), Канзас Университетімен (АҚШ), «La Sapienza» Рим Университетімен (Италия), Kennesaw Университетімен (АҚШ), Дуйсбург-Ессен Университетімен (Германия), Йокогам Ұлттық Университетімен (Жапония), Васеда Университетімен (Жапония), Миланның Политехникалық институтымен (Милан), Косалини технология Университетімен (Польша), Go Group (Ұлыбритания), Ғылым Академиясы Университетімен (Молдова), Жалпыресейлік сырттай Қаржы-экономикалық институтымен, М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетімен (Ресей), Плеханов атындағы Мәскеу Академиясымен, ҚХР Мемкеңесі жанындағы КХР Әлеуметтік даму Институтымен, Сулейман Демирель Университетімен тығыз әріптестік байланыс орнатқан.
Білімнің халықаралық интеграциясы мен интернационализациялануы мақсатында студенттермен алмасу және қосарланған диплом алу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен магистратурада ТМД Жүйелік Университетімен (П. Лумумба атындағы Халықтар достығының Ресей университеті – РУДН, Новосибирь мемлекеттік университетімен, Ресей), бакалавриатта Роберт Шуман атындағы Университетпен («Страсбург менеджмент мектебі» бизнес-мектебімен, Франция) студенттерді алмасып оқытып, қос диплом беріледі. Осы бағдарлама бойынша қатысуға ниет білдірген студенттер арасында іріктеу байқауы ұйымдастырылып, үздік студенттер әрі қарай Страсбург Университетіне білім алуға ұсынылады. 2010-2011 оқу жылында екі жақты диплом бағдарламасымен Страсбург Бизнес-мектебін бітіріп, «Европалық менеджмент» мамандығы бойынша 2 студент диплом алды.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінде оқу-баспа лабораториясы жұмыс істейді, екі кафедрада (есеп және аудит, қаржы) компьютерлермен жабдықталған лабораториялар, сегіз компьютерлік класстар және интранет-зал, биржа жұмыс жасайды.
Электронды биржалық сауданың оқу орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетіне трасформациялау стратегиясына сәйкес құрылды. Орталықтың мақсаты – студенттерді, магистранттарды және биржалық сауданың негізін үйренгісі келетіндердің барлығын оқытуға бағытталған, сондай-ақ оларда тиімді электрондық трейдингінің дағдысын дамытуға бағытталған тұрақты қызмет ететін оқу-тренингтік орталықты дамыту.
2011 жылдың қаңтарында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің жанынан Экономикалық зерттеу орталығы құрылды. Экономикалық зерттеу орталығының мақсаты - студенттердің, магистраттардың, докторанттардың, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметтерінің нәтижелерін коммерциализациялау үшін олардың ғылыми әлеуетін пайдалануға бағытталған тұрақты қызмет ететін ғылыми-зерттеу құрылымын қалыптастыру және дамыту.
Экономика және бизнес Жоғары мектебі ғылыми зерттеу жүргізуге 87 млн. тенге соммада ҚР БҒМ 4 грантын жеңіп алды. Бұл гранттық ғылыми жобаға ғылыми-зерттеу қызметіне етене жақын үздік студенттер тартылады.
Есеп және аудит кафедрасында CIPA (бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы тәуелсіз кәсіби бағалау, халықаралық мамандандыру) бағдарламасы бойынша сертификатталған бухгалтерлер дайындау Орталығы ұйымдастырылған. 11 мемлекеттің 30 кәсіби ұйымдарымен қабылданған сертификат дүние жүзіндегі барлық елде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Экономика және бизнес жоғары мектебі студенттеріне атаулы стипендиялар беріледі. Олар: ҚР Президентінің стипендиясы, ҚР Халық Банкінің стипендиясы, Чаянов атындағы стипендия, ҚР НАН Академигі К.А.Сагадиевтің 5 атаулы стипендиясы, POSCO-ның 2 стипендиясы, РФЦА-ның 5 стипендиясы, SHINHAN BANK Kazakhstan 5 стипендиясы, «Credit Suisse» (Ұлыбритания) банкінің 5 стипендиясы, «Казахстанский инвестиционный фонд» АҚ-ның стипендиясы, «МұнайТас» акционерлік қоғамының стипендиясы, жеке профессорлар мен кафедралардың демеуші стипендиялары.
Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі жұмыс жасайды, олар тәрбие жұмысын жүзеге асыруда маңызды орын алады. Кеңес құрамына: студенттер Маслихаты, жатақханадағы студенттер кеңесі, «Сұңқар» студенттік кәсіподақ бюросы, болондық процесс бойынша студенттік бюро (БПСБ) кіреді. Сонымен қатар, Экономика және бизнес жоғары мектебінде имидждік өнім шығаратын студенттік бизнес-инкубатор жұмыс жасайды. Экономика және бизнес Жоғары мектебіне қарасты №16 Студенттер үйінде студенттердің тұруы және бос уақытын дұрыс өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Студенттер үйінде 3 компьютерлік класс, 3 оқу залы, мәжіліс залы, әр қабатта асхана жұмыс жасайды. Экономика және бизнес Жоғары мектебі кафедралар ұжымы студенттер Үйінде кафедра күнін, танымал ғалымдармен тақрыптық кездесулер өткізеді.
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы орнықты әлеуметтік-экономикалық даму үшін қажет болатын білім алуды, жинақтауды және беруді қамтамасыз ететін ғылым жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатын көздейді.
Осымен байланысты жоғары білім беру орындарында мамандарды дайындауда кәсіби білім беру жүйесін қамтамасыз етумен қатар келешекте еліміздің сапалы адам ресурстарын қалыптастыратын, бүгінгі студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын үйретіп, қабілеттіліктерін арттыру бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Осы тұрғыда экономика және бизнес жоғары мектебінің менеджмент және маркетинг кафедрасы маман дайындауда білім берумен бірге ғылыммен, тәжірибемен ұштастыруға бағытталған бірнеше шаралар кешенін жоспарлап, сол істерді табысты атқарып келеді. Соның ішінде Жоғары мектеп оқытушылары мен студенттеріне әсер қалдырған кейбір жұмыстарды атап айтуға болады. Кафедраның жанындағы «Заманауи басқару» мен «Маркетингтік агенттік» үйірме жұмыстарының нәтижелері ретінде студенттер мен магистранттардың 25 ғылыми жұмысы Бірінші Президент қорының «Студенттердің үздік ғылыми жұмыстарының республикалық байқауына» қатысуға ұсынылды.
Менеджмент және маркетинг кафедрасының болашақ менеджерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді, маркетологтарды дайындау бағытында іске асырылатын игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғаса береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қатары жыл сайын еліміздің әр аймағындағы ең үздік мектеп түлектерімен толығып отырады. Жыл сайын бірнеше “Алтын белгі” иегерлері, «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары, сондай-ақ, әртүрлі халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен спорт шеберлерінің басты таңдауы ҚазҰУ болып табылады. Мұндай көрсеткіштерден кейін “ҚазҰУ студенті – студенттік шақтың элитасы” деуге толық негіз бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты. Әл-Фараби атындағы Халықаралық университеттер Қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.
Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізге ие.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласында «Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталады» деп тапсырма берген болатын. Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында, университеттің классикалық үлгіден зерттеу үлгісіндегі модельге көшуі бағытында айтарлықтай жұмыстар жасалуда. Соның алғашқы елеулі нәтижелерінің бірі – ҚазҰУ QS агенттігінің рейтингісінде әлемдік 700 университет арасында 401-450-ші орынды, ал осы агенттіктің Жұмыс берушілер сауалнамасы бойынша 300-350-ші сатыны бағындырып отыр. Сондай-ақ, GS Stars анықтамасы бойынша, ҚазҰУ үш жұлдызды университет де Ол дегеніміз елінде жоғары абырой-беделге ие, халықаралық деңгейде белгілі бір дәрежеге көтерілген білім ордасы, сондай-ақ халықаралық деңгейде мойындалған және түлектері жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие деген ұғым. Сонымен бірге ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қатысатын еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз университет. ҚазҰУ тәжірибе алмасу, ынтымақтыстықты дамыту және студенттер мен оқытушылар ұтқырлығын дамытып, екі жақты алмасып оқытуда сонымен бірге, заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 400-ден жүзден аса әлем университетімен әріптестік орнатқан. ҚазҰУ-да АҚШ-тағы Колумбия университетінің Global Classroom жобасы жұмыс атқарады. Бұл жобаға қатысушы студенттер Колумбия университетінде өтілімнен өте алады. Кореялық университеттермен де ҚазҰУ ынтымақтастығы артып отыр. Оңтүстік Корея университетімен бірігіп ҚазҰУ-да медициналық орталық құру, техникалық жинақтау проекторын жасау сияқты жобалар өз жұмысын бастап та кетті. Еуропаның, Азияның он шақты жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламасы жүзеге асады. ҚазҰУ-да ШЫҰ және ТМД желілік университеттерінің магистратурасына қабылданады.
Университеттің білім бағдарламасы ACQUIN және ASIIN халықаралық аккредитациясын иеленді. Көш басшы университет еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып компетентті оқытуды қолға алды. Жастардың ғылыммен айналысуына толық жағдай жасалған. Тіпті, оқытып, білім-ғылымға баулып қана қоймай, тәрбелеуге де ерекше назар аударылып, бизнес инкубаторды қалыптастыруға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда куратор-эдвайзерлар институты құрылған. Бұл да отандық білім саласындағы алғашқы бастама. Куратор-эдвайзер - студенттің тәрбиешісі, сырласы, қамқоршысы, бағыттаушысы. ҚазҰУ-да корпоративті мәдениет кодексі, Студенттің ар-намыс кодексі, ҚазҰУ оқытушысы туралы ереже және ҚазҰУ студенті туралы ереже сияқты маңызды құжаттар қабылданған. Қазақ және әлем әдебиетінен құралған «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы республикалық деңгейде қолдау тауып бүгінде жастар кітап оқуды сәнге айналдырып, білім бәсекесіне түскен. Университетте үлкен сыншы да, атқарылған іске баға беруші де – студент. Бұл тұста ҚазҰУ басшылығы студенттермен жүйелі түрде кездесіп тұрады, ашық әңгіме жүргізеді.
ҚазҰУ студенттері еуропалық стандарт бойынша оқиды және өз балын жоғарылатуға қашан да мүмкіндігі бар. Ақылы негізде үздік оқитын студенттердің оқу ақысының арнайы жеңілдіктер қарастырылған. GPA 4.00-ге тең болса, 25 пайыз, GPA 3.67-4.00 аралығында 15 пайыз жеңілдікке ие бола алады, ал GPA 3,0-4,0 құрайтын жетім студенттер 25 пайыз, GPA 3,0-4,0-ге тең келетін мүгедек студенттер 25 пайыз, сондай-ақ GPA көрсеткіші 3,0-4,0 ата-анасы мүгедек студенттер 25 пайыз жеңілдікпен төлейді. Қызметкерлердің балаларына 15 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақылы негізде білім алғысы келетін магистранттардың да төлем ақысына арнайы жеңілдік пен төмендетудің кеңейтілген жаңа жүйесі енгізіліп отыр. Магистратураның ақылы бөліміне тапсырған талапкердің үздік дипломы болса, 20 пайыз жеңілдік беріледі, ал оқу ақысын бірден толық төлеген жағдайда қосымша 5-10 пайыз жеңілдік жасалады. Университетте ақылы бөлімде оқитын үздік студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен, отбасылық жағдайы нашар білімгерлерді қолдау мақсатында кафедралардың компаниялар мен банктердің, атаулы стипендиялардың және тағы басқа демеушілік шәкіртақылардың саны үш жүзден асады. Әрі мұндай қолдаулар апта сайын көбейіп отыр.
Біздің университет Қазақстандағы студенттік кампусы бар жалғыз ЖОО. Мұнда университеттің әр факультеті студенттік жатахнамен қамтылған. Оның дамуының жаңа бас жоспары жасалды. Қалашық толығымен Wi-Fi жүйесіне қосылған. Жақында мұнда Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылады, жетекші технологиялар орталығы және тағы да басқа нысандар бой көтереді. ҚазҰУ қалашығындағы қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Студенттік кампустағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында университеттің оқу ғимараттарында, жатақханаларда арнайы турникеттер, видео бақылау камерасы мен сигнализация қондырғылары орналастырылғандығын.
Ж. ТҰМБАЙ,
ӘЛ-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті