"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

13 қыркүйек, 2012
Халықаралық сарапшылардың бағасы жоғары


13.09.12.
Еуропалық одақтың халықаралық жоғары дәрежелі сарапшыларының жүргізген сараптамасы бойынша Қазақстанның ғылыми-инновациалық бағасының нәтижелері белгілі болды. Бұл сараптама Қазақстан Республикасының IncoNet-EECA жобасы аясында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырмасымен іске асты.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы жоғары оқу орын­дары арасында ғылыми-инновациялық тұрғысынан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті көшбасшы болып табылады. Жан-жақты сараптама бойынша 2007 - 2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университеті 335-тен аса халықаралық ғылыми және техникалық бағдарламалар мен ISTC, INTAS, TEMPUS, IAEA, NATO қор жобаларын жүзеге асыруға қатысқан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халық­аралық рейтингтік журналдар­дағы ғылыми жарияланымдары өзге жоғары оқу орындарына қарағанда оқ бойы озық келеді.
Сондай-ақ университет ға­лым­дары Scopus мәліметтер базасында 710, Web of Science базасында 829 ғылыми жұмыс жарияланған. Салыстырмалы түр­де алып қарасақ, жетекші оқу орындарының бірі - Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да 35 және 213 жарияланымдары болса, Л.Гу­милев атындағы ЕҰУ-да Scopus пен Web of Science базасында 36 және 115 жарияланым тіркел­ген екен.
Университет ғалымдары ғы­лыми жетістіктердің жоғары дең­гейіне қол жеткізген, олар­дың бірқатары әлемдік топ-университеттер ғалымдарының индексіне сәйкес «Хирша дәйек­сөз көрсеткішін» иеленген. Соны­мен қатар 2011 жылы өнер­тапқыш патенттерін, сер­ти­фи­каттарын және басқа заңдық құжаттарды алған оқытушылар­дың үлесі университет ғалым­да­рының жалпы санының 11 пайы­зын құрады.
Бүгінгі таңда ғылым мен тех­ни­каның өзекті бағыттары бо­йын­ша ғылыми-техникалық бағ­дарламалар мен иннова­ция­лық жобаларды жүзеге асыруда ҚазҰУ көптеген жетістіктерге қол жеткізген жоғары оқу орны болып отырғанына сарапшылар ерекше көңіл аударып отыр. Еліміздегі ешбір жоғары оқу орны дәл осындай беделді көп­салалы ғылыми-зерттеу мектеп­терімен мақтана алмайды. ҚазҰУ құрылымында ірі тех­но­парк­пен қатар, он шақты бел­гілі халықаралық ғылыми-зерттеу институттары және ор­­­та­лықтары жұмыс істейді. ҚазҰУ-да ғылыми-зерттеу жұ­мыстары нәтижелерінің транс­фор­мациялануын және ғалым­дардың жаңа идеяларымен ин­новациялық өнімдерін қам­тамасыз ету мақсатында дамыған «технологиялық дәліз» қызмет етеді, ол «идеядан өнімді ком­мерциялизацияландыру және ендіру» тиімді инновациялық тізбегімен жүзеге асып келеді.
Сонымен, «ақылды эконо­миканың» шынайы субъектісі ретінде зерттеу университетін құруда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Елбасы Н.Назарбаев қой­ған міндеттерді шешуге ба­рынша күш салып келеді.

Ершай ӘЗІРЕТ