ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты
2012 жылдың 19-20 қазаны аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ЖМУ-дың 40 жылдығы құрметіне өткізілген «Еуразия кеңістігінде білім мен ғылымды ұштастыру мәселелері мен перспективасы» аталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда «Жетісу өңірінің көне және орта ғасырлық тарихынан» тақырыбындағы пленарлық баяндамамен ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысты.
Конференция келесі секциялар бойынша өтті: «Математика, техника және жаратылыстану ғылымдарының дамуындағы заманауи мәселелері мен үрдістері», «Заманауи білімді Болон процессі контекстіне сай модернизациялау: мәселелері, даму жолдары және перспективалары», «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы», «Құқықтық мемлекет: мәселелері және жетілдіру жолдары», «Еуразия кеңістігіндегі экономикалық ықпалдасудың болашағы мен мәселелері», «Қазіргі кезеңдегі тарих, әдебиеттану және лингвистиканың зерттеуле мәселелері», «Спорт, өнер және мәдениет саласы еуразиялық кеңістікте: ғылыми жетістіктері мен перспективалары».
Конференцияның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты.
ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты.