Шешендер шықты сайысқа

21 қараша, 2012

Жиналған қауым алдында Анақарыстан, Майқы биден, Қорқыт заманынан бастау алып, кешегі Ақтайлақ би, Бөлтірік, Байдалы шешендерге дейін ұласып жатқан шешендік сөз үлгілерінің мемлекеттілігімізді қалыптастыруда, ұлт руханиятын дамытуда, ұрпақ санасын тәрбиелеуде маңызы өте зор екенін, тағылымдық-танымдық қуатының бүгінгі буынға да берері мол екенін тағы да бір дәлелдеп, өнерлерімен тәнті етті. Сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттерінен құрылған «Асыл сыңғыр», «Тіл мұрагерлері», «Бала би», «Самғар» топтары қатысып, құйқалы да құнарлы тіліміздің өткенінен сыр шертіп, қаймағы бұзылмаған қасиетін танытып, ұмытыла бастаған ұлағатты сөздерін қайта тірілткендей күйге бөледі. Шара барысында шешендігімен, тапқырлығымен, алғырлығымен көзге түскен 1 курс студенттері Жылқыбаев Досхан, Нысанбек Сәуле, Бектаева Әлима, Әлімбекова Нұртолған арнайы сый-сияпатқа ие болды.

Сайысқа университеттің үздік куратор-эдвайзері Г.Болатова, тәрбие бөлімінің маманы А.Тұрмағамбетова арнайы қатысып, жүлдегерлерге сый-сияпат жасаса, жиын соңында қазылар алқасының төрағасы, профессор З.Бисенғали тәлімгерлердің алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.