Аудармашы студенттер тәжірибелерін шыңдай түсті
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «Tarzhiman» клубының ұйымдастыруымен шығыстану және филология факультетінің аудармашы студенттерінің шығырмашылық кездесу кеші өтті.
Бұл кеште жапон, қытай тілдерінен шығыстану факультетінің студенттері жасаған жолма-жол нұсқасын филолог-аудармашылар редакциялап, оларды оқып, талқылап, тәржімаларға баға берілді.
Кештің басты жаңалығы студенттердің Мұқағали Мақатаевты ағылшынша, жапонша сөйлетуі болды. Студенттер өздерінің аудармаларын оқып, эксперт-магистранттар тәржімаларды бағалады. Екі факультеттің де «Аударма ісі» студенттері өткізген шығармашылық - аударма кеші өте қызықты өтті. «Tarzhiman» клубының ғылыми жетекшісі, филология факультетінің доценті Л.Мұсалының студенттердің талпынысына сәттілік тілеп, Мұқағалидың алғаш рет ағылшын, жапон тілдеріне аударылып отырғанын, жарық көруге лайық екенін атап өтті.
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті