"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

25 сәуір, 2013

ҚазҰУ-да НР ғылыми-оқу орталығы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетін­де НР компаниясы­ның «НР технология институты» бағдарламасы аясында НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылды.

Оқу орталығының ашылу салтанатына НР вице-президенті, өсуші нарық де­пар­таментінің директоры Вольфганг Виттмер, Қазақстандағы НР-тың бас директоры Ерлан Дүйсенбин, Орталық және Шығыс Еуропадағы НР ғылыми-оқыту бағдарла­ма­ларының жетекшісі Игорь Белоусов, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркіт­баев, механика-математика факультетінің деканы Д. Ахмед-Заки, факультеттің про­фессорлары мен оқытушылары, студент­тері қатысты. Ғылыми-оқу орталығының негізгі мақсаты – НР ұсынатын бағдарла­малар негізінде студенттер мен оқытушы­лар­ға заманауи бағдарламаларды мең­геріп, білімдерін арттыру. Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дағы НР технологиясы оқу-ғылыми орталығының директоры Болатжан Құмалақов орталықтың ашылу кезінде презентация жасап, барша жинал­ған қауымды орталықпен жан-жақты та­ныстырды. Орталық НР компаниясы ұсын­­ған соңғы үлгідегі құрал-жабдық­тармен, бағдарламалық жасақтамамен қамтама­сыз етілген. Мәліметтерді сақтау базасы, тораптық жабдықтармен (сымсыз желі­лер­ге арналған құралдармен), оқыту­шылар мен студенттерге арналған персо­налды компьютерлермен жабдықталған. ҚазҰУ оқытушыларымен бейімделген және оқу бағдарламасы барысында дәріс, арнайы курстар мен зертханалық және тәжірибелік сабақтарда оқыталатын бола­ды. Орталық «университеттік мәртебеге» ие және мұндай бағдарламалар оқытушы­лардың да біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда қолданылатын болады. Сту­дент­­тер, магистранттар, барлық факультет оқы­тушылары орталықта тегін оқып, өз білім­дерін жетілдіріп, халықаралық дәре­жедегі сертификат алуға мүмкіндіктері бар. ҚазҰУ-дағы НР-тың ғылыми-оқу ор­та­лығы Қазақстандағы әрі ТМД елдерін­дегі тұң­ғыш орталық болып табылады. Бұл жерде НР АТА (Accredited Technical Associate) бағдарламасы ендірілген. «НР компаниясы оқыту бағдарламаларын ұсынады, ол университет оқытушыларына бейімделген, факультеттегі лекцияларға қосымша арнайы курс түрінде және зертханалық-өндірістік жұмыстар арқылы жасалынатын болады. Сондай-ақ бұл бағдарламалар оқытушыларды сертификаттау арқылы оқытушыларды қайта даярлау, біліктілікті арттыруда да қолданылады», – дейді өз сөзінде Қазақстан мен Қырғызстандағы НР өкілдігінің директоры Ерлан Дүйсенбин. ҚазҰУ НР АТ бағдарламасы бойынша Орта­лық және Шығыс Еуропа елдеріндегі 30 жоғары оқу орнының бірі атанды.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі