Тарихшылар форум аясында зерттеу жұмыстарды талқылады
25 қыркүйекте Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведоствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Ол республиканың Президенті Н.Ә. Назарбаев ғылыми қауымдастық алдында ұлттық тарихи мұраны жаңғырту, елдің тарихын әлемдік тарихи үдерістің бөлігі ретінде тереңірек зерттеу бойынша ауқымды міндетті жүктеді, - деп атап өтті.
Форумда қазақстандық тарихшылар мен мұрағатшылардың жетекші шетелдік мұрағат орталықтарындағы жұмыстарының нәтижелері талданды. Олардың ғылыми іссапарлары ұйымдастырылып, қазақстандық ғалымдар 10 елде жұмыс істеді. Олар Иран, Үндістан, Қытай, Египет, Түркия, Моңғолия, Германия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Ресей мемлекеттеріндегі қорларды қарап, қажетті мәліметтерді жинақтады. Атап өтер болсақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Қ.Т. Жұмағұлов Германиядан Қазақстанның ежелгі тарихына тікелей қатысы бар латын, герман мен скандинав тілдеріндегі ғұндардың тарихы бойынша тарихи жәдігерлердің көшірмелерін әкелді.
Отырыста жаңадан құрылған ғылыми-зерттеу құрылымдары бойынша презентация ұсынылды. Атап өтер болсақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «Геоархеология» артефактілерді археологиялық даталау жөніндегі халықаралық ғылыми зертханасы, Дүниежүзі тарихын зерделеу жөніндегі ғылыми орталық және Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу жөніндегі республикалық орталық құрылды.
Форумның жұмысында ҚазҰУ-дың профессорлары Ж.К. Таймағамбетов, Қ.Т. Жұмағұлов, Т.О. Омарбеков, Б. Кәрібаев қатысты.
Отырыс соңы Марат Тәжиннің мемлекеттің тарапынан ғылыми-тарихи қауымдастықтың толыққанды кешенді қызметі үшін барлық жағдайлар жасалатындығы туралы мәлімдемемен аяқталды. Сондай-ақ, ол «енді ғалымдардың міндеті – қазақ тарихын әлемдік тарихи үдерістің ажырамас бөлігі ретінде көріп, ұғынуға мүмкіндік беретін терең және объективті ғылыми зерттеулер мен байыпты талдаулар жүргізу», - деп тарихшылардың кейінгі жұмысын бағдарлады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі