"Алматы ақшамы" республикалық қоғамдық-саяси газет

11 қазан, 2013

«Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте»

Биылғы жылдың 4 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң заң факультетi 101, 103, 104-топ­тарының куратор-эдвайзерлерi, «Қыл­мыстық құқық, қылмыстық iс жүр­гiзу және криминалистика кафед­расының доценттерi, з.ғ.к Г.Атаханова, Н.Жетiбаев, М.Бисе­нова, елiмiзде кеңiнен өтiп жатқан тiлдер апталығының аясында өздерiнiң топтарында универси­теттiк деңгейде «Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» тақыры­бында пiкiрталас және мәдени iс-шара өткiздi.

Осы мәдени iс-шараға «Қыл­мыстық құқық, қылмыстық iс жүргiзу және криминалистика» кафедрасының меңгерушiсi, з.ғ.д., профессор Р.Джансараева, ка­федра меңгерушiсiнiң оқу-тәрбие iстерi жөнiндегi орынбасары, з.ғ.к., доцент Ш.Маликова, фа­культеттiң аға эдвайзерi Б.Шо­пабаев, факультет деканының құқық қорғау органдарымен байланыс жөнiндегi орынбасары Ж.Сатыбалдинов, кафедраның аға куратор-эдвайзерi М.Ақбо­латова қатысты.

Аталған iс-шарада үш топ үш командаға бөлiнiп, пiкiрталасты кеңiнен өрбiттi. 101-топ өздерiнiң командасын «Өрлеу», 103-топ «Болашақ» және 104-топ өздерi­нiң командасын «Сұңқар» деп атады. Үш топтың пiкiрталасы 3 кезеңнен тұрды. Бiрiншi кезең — мемлекеттiк тiлдi жақтайтындар мен «мемлекеттiк тiлмен қатар орыс тiлi де қатар қолданылсын» деген пiкiрдi жақтаушылардың арасында сұрақ-жауап түрiнде пiкiр алмасулар болды.

«Өрлеу» тобының студентi Мадияр өздерiнiң қарсылас­та­рына қазақ тiлiн елiмiзде қар­қынды түрде қолданысқа енгiзу қажет деген пiкiрдi ұстанды. Сон­дай-ақ, ол барлық мемлекеттiк қызметшiлерден мемлекеттiк тiлдi жетiк бiлу қажеттiгiн және мем­лекеттiк тiлден емтихан қабылдау қажет екендiгiн айтып өттi.

«Сұнқар» тобының студентi Бақытжан болса, мемлекеттiк тiл­мен қатар Қазақстанда орыс тiлi де қолданылуы қажет екендiгiн айтты. Оның пiкiрiнше, орыс тiлi әлемдiк тiлдердiң қатарында бол­ғандықтан Қазақстанның халқы тек мемлекеттiк тiлмен шектелiп қана қалмай, орыс және ағылшын тiлдерiн де жетiк бiлгенi дұрыс деген көзқарасты ұстанды.

«Болашақ» тобының студентi Жауһарат болса, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерi елiмiзде тең дәрежеде қолданылса, бiздiң халқымыз жаһандану дәуiрiнде еш елден қалыс қалмай, келе­шекте дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын мемлекеттердiң қата­рынан көрiнедi деген пiкiрдi ұстанды.

Екiншi кезең барлық топ сту­денттерi қазақ тiлiнде мақал-мәтел­дердi айтумен жалғасты. Бiр топтың студенттерi қазақ тiлiнде мақал-мәтел айтса, екiншi топтың студенттерi оны лезде жалғас­ты­рып кету қажет болды. Бұл са­йыста үш топта өздерiнiң аталған шараға тыңғылықты дайындық­пен келгендiгiн көрсете бiлдi. Үшiншi кезең ана тiлiмiз жайлы өлең шумақтар оқу болды. «Өрлеу» тобының студентi Бекболат ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен қа­зақпын» өлеңiн жоғары деңгейде айтып орындаса, «Сұңқар» тобы­ның студентi Нұрсұлтан Тұман­бай Молдағалиетың «Ана тiлiң арың бұл» өлең-шумағынан жыр төктi. «Болашақ» тобының сту­дентi Толғанай Мұзафар Әлiм­баев­тың «Ана тiлi туралы толға­ныс» атты өлең шумағын үлкен поэтикалық деңгейде орындап шықты.

Жалпы алғанда, аталған iс-шара жоғары деңгейде өттi. Сөз соңында осы топтың куратор-эдвай­зерлерi және заң факуль­тетiнiң «Құқық қорғау орган­да­рымен байланыс жөнiндегi» орынбасары Ж.Сатыбалдинов өзiнiң жүрек­жарды ақ лебiзiн бiлдiрдi.

Г.Атаханова студенттердiң бiрiншi курстан бастап осындай iс-шараға қатысуы өте жақсы құптарлық қадам екендiгiн айтты. Ол тек қана студенттiк өмiрде оқу үдерiсiмен ғана шектелiп қалмай, осындай мән-маңызы жоғары шараларға үзбей қатысу қажет­тiгiн айтып өттi.

Н.Жетiбаев елiмiзде мемле­кеттiк тiлге деген қамқорлықтың жылдан жылға артып келе жатуы, барлық деңгейде қазақ тiлiнiң беделiн көтеруде екенiн айта келiп: — Құрметтi студенттер, сiз­дер алғашқы оқуға түскен сәттен бастап осындай шараларды жо­ғары деңгейде өткiзулерiңiз жақсы құптайтын үлкен бастама деп бағалаймын. Осы университет қабырғасында өткiзетiн төрт жылдың iшiнде сiздер тек жақсы жағынан ғана көрiнесiздер деп ойлаймын және барлықтары­ңызға табыс тiлеймiн, — дедi.

Қорыта келгенде, аталған шара өте жоғары деңгейде өттi және осы шараға қатысушылар мемлекеттiк тiлдiң мерейiн көтеру әрқайсысының парызы екендiгiн ұғынып қайтты.

Н.Жетiбаев, Г.Атаханова, М.Бисенова.