"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

19 қазан, 2013
Инновациялық кластер ашылады
18.10.2013 20:43 Ершай ӘЗІРЕТ
0 32

«Алатау» ИТП дамуының үшінші кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да іске асырылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР Премьер-министрдiң орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ресми сапармен келді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – ҚазҰУ кампусындағы кезекті үшінші «Алатау» инновациялық технологиялар паркін (ИТП) орналастыру мүмкіндіктерін талқылау.

Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақ­стан­да жаңа формациядағы зерттеу университеттерін жасау жөнінде міндеттер қой­ған болатын. ҚазҰУ-дың ғылыми-ин­новациялық жоғары мүмкіндігін ескере отырып, вице-премьер Ә.Исекешев уни­верситет кампусында «Алатау» ИТП үшін­ші кезеңдегі ғылыми білім беру және инновациялық кластер құруды ұсынды. «Жетекші жоғары оқу орындарының ба­сым бөлігі Алматы қаласында орна­лас­қан­дықтан, ал инновация ҚазҰУ-ға не­гізделген, біз бұл жобаны университетте іске асырмақпыз. Студенттер мен ғалым­дар үшін жоғары технологиялық тұрғыдан ғы­лыми-зерттеу қызметте барлық жағдай жа­салады» деді министр Әсет Исекешев. Бұл ұсынысты кездесуге қатысқан Алматы қа­ласының әкімі Ахметжан Есімов те қол­­дады. – Біз бұл ұсынысты қолдауға дайы­н­быз, себебі еліміздегі инновациялық жұ­мыстардың 47% Алматы қаласында жа­салады. «Алатау» ИТП дамуының үшін­ші кезеңінің ҚазҰУ-да іске асырылуы ин­но­вацияның ілгерілеуі мен құрылуына тиім­ді шешім болары сөзсіз, – деді А.Есі­мов.
Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ин­новациялық кластері Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіндегі Қа­зақстандағы инновация және тех­но­ло­гиялық модернизацияны қолдау мем­ле­кеттік бағдарламасына енгізілген. Клас­тер құру арқылы ҚазҰУ ғалымдарының, ғы­лыми ұйымдардың өндірістегі ең үздік жұмыстары іріктеліп алынып, коммер­циа­лизацияландыру, сол арқылы инно­вациялық кәсіпорын құру болмақ. Да­мыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр­ғандай «ғылым – білім беру – ин­но­ва­циялық өнім» үштігі арқылы мұндай ин­новациялық кластерлер ірі оқу орын­дарында болуы керек. Корея, Гонконг жә­не Сингапурдың ірі компанияларының тарапынан 500 млн АҚШ доллар көле­мінде инвестиция құюға қызығушылық та­ны­тып отырғандықтан, мемлекеттік жеке әріптестік ұстанымы негізінде уни­верситет кластерін құру өте тиімді.
Сапар барысында вице-премьер уни­верситет ғалымдарының ғылыми-инно­вациялық жобаларының жетістіктер көр­месімен танысты. ҚазҰУ Елбасы сая­сатын толық қолдай отырып, жоғары тех­но­логиялық өнімнің идеясынан бас­тап, оны жүзеге асыру және ком­ме­рциа­лизациялауға дейінгі барлық инно­вация­лық тізбектің тиімді жұмыс істеуін қам­­тамасыз ететін «технологиялық дәліз» құруда біршама жетістіктерге жетті. Осы­лайша, университте 8 ҒЗИ, 23 орталық табысты еңбек етуде. Оның ішінде Орта­лық Азияда және Қазақстандағы жалғыз Хьюллет-Паккард ІТ технология орта­лы­ғы, технопарк, бизнес-инкубатор, ком­мер­циализациялау кеңсесі бар.
Қазіргі таңда Бүкіләлемдік банк және ҚР ИЖТМ ТДҰА АҚ-тың жобалары ая­сында ҚазҰУ-да университет ғалым­дары­ның он инновациялық жобасын эконо­ми­каның нақты секторына енгізу жұмысы сәтті жүргізілуде. Fujitsu компаниясының инновациялық шешімдері нәтижесінде, ұжымдық дата-центр құрылды және жаңа университеттік Ғылыми кітапхананы сан­дық жабдықтандыру жасалды. Ха­лық­ара­лық Uniform Project консорциумы аясын­да Токио университетімен бірлесе отырып, алғашқы отандық наноспутникті жасау және ұшыруға арналған бірегей жобаның зерттеу жұмысы басталды. Еуроодақ са­рап­шыларының пікірінше, ғылыми-ин­новациялық қызметтегі жоғары жетіс­тіктер ҚазҰУ-дың келешекте ұлттық автономиялы зерттеу университетіне айналуына мүмкіндік береді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделді халықаралық QS (Ұлыбритания) рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша әлемдік топ-300 үздік ЖОО қатарына еніп, әлемнің 800 үздік университеттері арасында 299-орынды иемденді.