11 қыркүйектегі Минскте кәсіподақ сарайында өткен құрылтай уәкілдерімен кездесу Білім министрлігімен, білім және ғылым кәсіподағы басшыларымен өтті. Беларус республикасының білім министрінің бірінші орынбасары А. И. Жук білім саласындағы мемлекеттің саясаты туралы баяндамамен жұрт алдында сөйледі, Беларус кәсіподақ федерациясының төрағасының орынбасары Е. Н. Манкевич және белорус ғылым және білім жұмыскерлер кәсіподағының төрағасы А. А.Бойко кәсіподақ қызметі туралы айтып өтті. УКҰЕА президенті, ММУ бірлескен профкомның төрағасы И. Б. Котлобовский Беларус республикасының білім саласында мемлекеттік саясаттың айқын әлеуметтік бағытталғанын баса айтып кетті.
Беларус республикасындағы УКҰЕА құрылтайы үлкен қызығушылықпен өтті, оның жұмысы республикалық теледидарлама және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шықты. 12-13 қыркүйекте құрылтайдың іс-шаралары Гродно қаласында Янка Купала атындағы Гроднолық мемлекеттік университетінің бас базасында өтті.
УКҰЕА құрылтайының бірінші пленарлық мәжілісі Янка Купала атындағы Гроднолық мемлекеттік университетінің алдыңғы дәрісханаларының бірінде болды.Пленарлық мәжілістің бірінші ашылуында Гродно облыстық комитеттің төрағасының орынбасары О.Г.Жук алғашқы болып жұрт алдында сөйледі.Ол өз сөзінде Гродно - бұл студенттік қала, мұнда төрт жоғары оқу орны бар екенін айтты. И.Г.Жук қонақтарға Гродно қаласының өмірімен, жеткен жетістіктерімен танысуларына табысқа жетуге тілек білдірді.
ГрМУ ректоры А.Д.Король құрылтайға қатысушыларга сәлемдесе отырып, аймақ бойынша ГрМУ ең ірі жоғарғы оқу орны екенін айта келіп, республика бойынша рейтингте екінші орында екенін атап кетті.
УКҰЕА Президенті И.Б.Котлобовский XXVI құрылтай уәкілдері М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры академик В.А.Садовничегоға және РФ федералдық жиналысының мемлекеттік думасының төрағасының бірінші орынбасары, УКҰЕА құрушылардың бірі И.И. Мельниковқа сәлемдесуін оқыды.
XXVI құрылтайдың пленарлық мәжілісінде УКҰЕА Президенті М.В.Ломоносов атындағы ММУ бірлескен кәсіподағының төрағасы И.Б.Котлобовский «Университеттерде заман талабына сай кәсіподақтар қозғалысы» баяндамасымен жұрт алдында сөйледі. Ол өз сөзінде жаһандану заманында кәсіподақ ұйымдары мамандарды дайындау сапасының көтермелеуіне және дүниежүзілік рейтингтерде университеттің айқындамасының жақсартуына өз себтігін тигізуде деді. Сол себептенде университеттер ассоциациясысына ұсынылған әр елдің автономды дамуына қарамастан, барлық жоғарғы оқу орындары бәсекеге қабілеттілікті көтермелеу мақсаты тұр деп айтып кетті. Жоғарғы мектептің қайта кұрылуына үкіметтің шара қолдануы әлеуметтік шығын алып келуі мүмкін. Кәсіподақтардың мақсаты – дұрыс шешім табу шараларын ұсыну.
Құрылтайдың басты мақсаты жоғарғы мектептің жуйесінде қордаланған сұрақтардың шешімін табуда тәжірибе алмасу болды. Баяндамада және хабарламаларда жұмыскерлер мен студенттердің әлеуметтік жағдайына байланысты сұрақтар туындады, оқу үдерісінің қайта құрылуы туралы мәселелер көтерілді, жаһандану және интеграциялық үдерістердің жағдайына қарай оқытушыларға деген талаптардың өзгерістері туралы сұрақтар қозғалды. Қабылдау жақтан құрылтайда Янка Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің кәсіподағының төрағасы В.А.Хилюта сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ГрМУ кәсіподақ ұйымы әлеуметтік мәселелер бойынша шешімдер қабылдауда неғұрлым іс зияткерлік еңбекпен байланысты болатындақтан өзгеше қиындықтар болатынын айтты. Соған қарамастан уверситетте тұрғын үй бағдарламалары және студенттерді әлеуметтік қорғау бағдарламасы ойдағыдай кәсіпорынның қызметі арқылы жүзеге асуда деді.
УКҰЕА құрылтайларына қатысушы жыл сайын студенттік кәсіподақтың өкілдігі көбеюде, бұл сөзсіз студенттердің өзі оқитын жоғарғы оқу орны өміріне белсенді қатысуларынан көруге болады.
ХХVI УКҰЕА құрылтайында кәсіподақ ұйымдарының өтініштерінің қорытындылары бойынша ассоциация мүшелерінің құрамына Белорус мемлекеттік экономикалық университетінің қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, Минск мемлекеттік лингвистикалық университетінің қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, Украинаның ұлттық техникалық университетінің "Киев политехникалық институт" қызметкерлері және студенттер кәсіподағының ұйымдары және Оралдың мемлекеттік экономикалық университетінің қызметкерлерінің кәсіподағы кірді.
Құрылтайда ұйымдастырушылық сұрақтар қаралып шешілді: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Сұңқар" студенттер кәсіподағы атынан кәсіподақ төрағасы А.А. Садықова ендігі кезекте өкілі болды.
Құрылтайдың мәжілістерінен тыс уақытта уәкілдер Гродно қаласын аралады экскурсия барысында ежелгі орыстардың архитектуралық керемет үлгісі Гроднодағы XII ғасырдан бері сақталған храмы Свято-Борисо-Глебскую Коложскую шіркеуін аралады, Құрылтайдың уәкілдері сонымен қатар Беларустың ауылшаруашылық өндірісінің кооперативі "Прогресс-Вертилишки" шаруашылығын аралады.
УКҰЕА ХХVI құрылтайдың қорытынды жұмысы бойынша қарар қабылданды, онда оқу үдерісінің қайта құрылуы туралы мәселелерді ұйымдастыруды жетілдіре түсу, оқытушының біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу, оның мамандандырылғанына қарай, оқу жүктемесімен және жұмыс шартымен, студенттердің жүктемелері, жаңа жүйе бойынша еңбек ақы төлеу, жоғарғы мектептің қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу сәйкессіздік ара қатынасына байланысты (Ғылыми, оқу-қосалқы, инженерно-техникалық, әкімшілік, ПОҚ); заңнамалық ережелерді енгізуде ұлттық кәсіподақтардың әрекеттерін қолдау, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары алғашқы студенттік кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін көтеру.
Кәсіподақтың ұйымдарына салалық келісімдерде және ұжымдық келісімдерге ұсыныстар енгізу:
- еңбек жағдайын жасау және жұмыс орнына міндетті аттестация өткізу;
- штат санының қысқартылу кезінде ұжымдық келісім шарт бойынша қызметкерлердің құқықтарын қорғау және оларды мамандануға дайындау жүйесін қарастыру.
Евразия кеңістігіндегі университеттердің классикалық білім беру жүйесі құрылтайда қабылданған қарар бойынша модернизациялық әлеуметтік стандарттар бойынша жүзеге асатынына құрылтайдың барлық уәкілдері сенімділік білдірді.