Францияда өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумына ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысты

9 желтоқсан, 2013

2-7 желтоқсан 2013 жылы Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысып қайтты.


Қазақстан мен Франция арасындағы бүгінгі білім беру бағытындағы тұрақты, жемісті қарым-қатынасы екіжақтың тәжірибе алмасу мен серпінді әріптестікке деген ынтасын білдіреді. Франция дәстүр мен тарихы қалыптасқан бірегей ел болғандықтан, еуропалық мәдениет пен әлемдік жаһандануда жетекшілік танытып келеді. Қазақстан, өз кезегінде, еуропа материгінің жүрегінде орналасқан, сондықтан еуропалық және азиялық мәдениетті бірдей ұстап, дәстүр сабақтастығын жалғап келе жатқан ел болып табылады.

«Дәстүрлі емес энергетика саласындағы Қазақстан-Франция симпозиумын өткізу – бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуының жаңа қадамы екеніне нық сенемдімін. Симпозиум аясында көтерілген мақсаттар мен міндеттер тұрақты даму ісінде өзге де мәселелерді шешуге бастама болады. Жаһандану кезінде табиғи ресурстардың таусылу мәселесіне аз көңіл бөлініп жатқан тұста мұндай іс-шара өткізу өте маңызды. Мен бұл симпозиумды осы мәселе төңірегінде тамаша тәжірибе алмасу және жаңа білім алу алаңы деп қарастырамын», – деді өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.

Симпозиум аясында ҚазҰУ өкілдері мен Лотарингия университетінің (Нанси қаласы) халықаралық істер және экономикалық әріптестік жөніндегі вице-президенті Карл Томбрдың, университеттің ғылым жөніндегі вице-президенті Клотильда Буланженің, Лотарингияның аймақтық Кеңес жетекшілерінің (Мец қаласы), Францияның сыртқы істер министрлігі өкілдерінің (Париж қаласы) кездесіп, сондай-ақ, дәстүрлі емес энергетика саласындағы өнеркәсіп және ғылыми нысандарымен (Бюр қаласы, Форбах қаласы) танысты.

Кездесу барысында Францияның ұлттық ғылыми зерттеу орталығының (CNRS) қолдауымен әрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қатысуымен Қазақстан-Франция «THYNER: Theoretical Hydrodynamics of Natural Energy Resources» («Табиғи энергетикалық ресуртардың теориалық гидродинамикасы») бірлескен ауқымды зерттеу зертханасы жобасын жасау және іске асыру мәселесі қаралды.

Бұл ҚазҰУ мен Лотарингия университеті арасындағы бірлескен бірінші жоба емес екендігін атап өткен жөн. 2010 жылы ҚазҰУ-да «Гео-энергетика» Қазақстан-Франция ғылыми-білім беру орталығы құрылған. «ҚазҰУ мен Лотарингия университеттерінің әріптестігі екі ел арасындағы қарым-қатынастың қажет екендігін тағы да дәлелдеп отыр. «Гео-Энергетика» ғылыми-білім беру орталығы жұмысын бірлесе қолдау жоғары білікті маман даярлау жұмысына, энергетикалық ресурстарды өндіруге бағытталған, ол жемісті нәтиже әкелуде. ҚазҰУ студенттері қазірдің өзінде Францияның ЖОО-да оқып, диплом алу мүмкіндігіне ие болып отыр», - деп атап өтті қазақстандық ЖОО жетекшісі.

Сонымен қатар, сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жоғары ұлттық басқару мектебінің арасындағы әріптестік, екіжақты көшпелі дәріс беру, ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру талқыланып, ҚазҰУ студенттері мен магистранттары үшін шәкіртақылы бағдарламалар әзірлеу, ұйымдастыру айтылып, Париждегі жоғары ұлттық басқару мектебінің директоры Натали Луазомен кездесу өтті.

Жоғары басқару мектебі елдің көшбасшыларын даярлайтын Франция мен әлемнің ең үздік ЖОО қатарына кіреді. Бұл мектептің курстарын тек француздар емес, шетелдік студенттер де тыңдай алады. Францияның екі президенті, жеті премьер-министрлері және өзге де көптеген министрлер осы мектеп түлектері болып табылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі