Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ ғаламдық хабы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы бойынша ғаламдық хабының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі – А. Арыстанбекова, ҚР-дағы БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттандыру Департаментінің өкілі В.Самек, Алматыдағы ҚР шетелдердің дипөкілдерінің басшылары арнайы қонақ ретінде қатысты. Бұл салтанатты тұсаукесерд рәсімін ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов ашты. Оған университет ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара еліміздің тарихындағы ең елеулі күндердің бірі – Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүшелікке қабылданған күніне 22 жыл толуына орайластырылды.
«ҚР Президенті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтарын нығайту керектігін айтты. Оның ішінде ұлттық қауіпсіздік және жалпыбейбітшілік пен аймақтық мәселелерді шешуде біздің еліміздің жаһандық қатысуы маңызды орынға ие. БҰҰ бастамасымен ҚазҰУ-да UNAI хабын құру Елбасы идеясын іске асыруға, Алматы қаласын көпжақты дипломатиялық аймақтық орталыққа айналуына, Қазақстанның әлемдік процестегі жаһандық мәселелерді шешу ісінде рөлі мен беделінің өсуіне өз септігін тигізеді» - деді ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов.
Осы іс-шара қатысуышыларына БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Әбдірахманов құттықтау хаттарын жолдады. БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, білім беру және халықаралық байланысты арттыру арқылы тұрақты даму мәселесін шешуде ҚазҰУ ұжымының еңбегіне алғыс білдірді.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның үндеуінде: «БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы пікір, идея және әлем елдері арасында тәжірибе алмасу алаңы болып келеді. ҚазҰУ жан-жақты айнымастыққа қолдау білдіріп жатқан бүкіл адамзат үшін маңызды мәселелер шешімінде жаһандық академиялық қауымдастықты тарту ісін жандандыруды көрсетіп келеді. Сіздердің ғалымдарыңыздың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі және тәжірибелері тұрақты даму идеясының дамуына атсалысады. Мен ҚазҰУ-дың мұндай маңызды бағдарламаға алдағы уақытта да қатысатынына үлкен үміт артамын және университет ұжымына БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламаның хабы мақсатын іске асыруда үлкен жетістік тілеймін», - делінген.
БҰҰ-ның әлемдік мойындалған он принциптерін адам құқығы, сауаттылығы, тұрақты даму және қақтығыстарды шешуге негізделген «Академиялық ықпал» бағдарламасына ҚазҰУ Орталық Азия университеттері ішінде бірінші болып қосылды.
Үш жылдан астам тұрақты даму бойынша «Global Classroom» бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп келеді. 2011 жылы ҚазҰУ БҰҰ қолдауымен «ХХІ ғасырдағы қақтығыстардың құбылмалы табиғаты» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді. 2012 жылы ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірден бір білім ордасы - ҚазҰУ Бразилияда өткен «РИО+20» ғаламдық саммиті БҰҰ-ның Әлемдік Форумында Елбасының «Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы» және «Жасыл көпір» идеяларын қолдауға негізделген «Жасыл көпір: ұрпақтан-ұрпаққа» атты жобасына жеке секциясын ашты. Өткен жылы университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен Париждегі кездесуінде ЮНЕСКО - UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ-да тұрақты даму бойынша аймақтық хабын құру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің және Алматыдағы АҚШ-тың бас елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ «БҰҰ моделі - Жаңа жібек жолы» әлемдік студенттік бағдарлама-ойынының көптен бері бір бөлшегі болып келеді. Болашақ мамандарды БҰҰ принциптеріне және қауіпсіздік мәселелерін шешуге жаңа қабілеттерді қалыптастыруға тарту болып табылады. Бұл жөнінде іс-шара барысында ҚазҰУ студенттері БҰҰ-ның алты тілінде айтты.
«ҚазҰУ-дың тұрақты даму облысында көпжылдық жоспарлы жұмысы, университеттің ғылыми-білім беру саласындағы жетістіктері БҰҰ таңдауына ықпал етті. ҚазҰУ-да UNAI хабының ашылуы – бұл абыройлы халықаралық ұйымның жоғары дәрежелі сенімінің дәлелі, адамзат өркендеуінің жаһандық даму тренді болып табылатын тұрақты даму саласында университеттің көшбасшылық рөлі», - деді ҚР-дағы БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттандыру департаментінің өкілі В.Самек.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі