Бүгін IV Халықаралық студенттік форумы өз жұмысын бастады
ҚазҰУ-да Фараби оқулары аясында «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» IV Халықаралық студенттік форумы өтуде.
Биыл форум төртінші рет XXI ғасырдағы қалыпты дамудың маңызды қырларын талқылау, «жасыл экономика» бойынша ғылыми жобаларды таныстыру, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық энерго-экологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» бастамасын қолдау бағытындағы ой-пікірлерін ортаға салу мақсатында Қазақстан және алыс-жақын шетел жастарының басын қосып отыр.
Форумға Солтүстік және Орталық Азия үшін, Тынық мұхиты және Азия елдерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының аймақ аралық бөлімі басшысы Н. Помощников, «Адам және биосфера» Ұлттық комитетінің төрағасы Р. Ященко, «Су ресурстарын бірігіп басқару» халықаралық білім беру бағдарламасының координаторы Б. Януш-Павлетта, Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығының техникалық директоры Б. Мор, Алматы қаласы бойынша экология департаментінің директоры О. Ақкозиев, «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Халықаралық ЖОО консорциумы, қоғамдық бірлестік пен мемлекеттік ұйым өкілдері, жастар саясаты жөніндегі сарапшылар мен мамандар, Ресей, Белоруссия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Қазақстан, Қырғызстан және басқа елдердің студенттік және жастар ұйымдары қатысты.
«Еске саламын, «Рио+20» саммитінің басты қорытындысының бірі – елдердің қалыпты дамуды саяси ұстануы дәлелдене түсті. Сондай-ақ қазіргі және келер ұрпақтың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қалыпты болашағына қол жеткізу үшін қалыпты дамудың үш – экономикалық, әлеуметтік, және экологиялық құрамдас бөліктері барлық деңгейде біріктірілуі тиістігі мойындалды. Форум жастардың, ғылыми және академиялық қоғамның әлеуетін толықтай біріктіре отырып, осы міндеттерді жүзеге асыруға лайықты үлесін қосуға мүмкіндік береріне сенемін», – деп атап өтті Солтүстік және Орталық Азия үшін, Тынық мұхиты және Азия елдерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының аймақ аралық бөлімі басшысы Н. Помощников.
«ҚазҰУ көптеген заманауи мәселелерді шешу жұмысына белсенді қатысып келеді. Әлемдік қоғам алдында барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз жастарды «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» еуразиялық тұғырнамасы негізінде бастама білдіруге, қалыпты даму идеясын жандандыруға қатысуға шақырамыз», – деді сөйлеген сөзінде ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті магистранты Әсем Тахамбетова.
2012 жылы ТМД университеттері ішінде жалғыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бразилияда өткен БҰҰ-ның «РИО+20» жаһандық саммитінде арнайы секциясын ашқанын айтуымыз керек. Университет Елбасының «Энерго-экологиялық дамудың жаһандық стратегиясы» және «Жасыл көпір» бастамаларын қолдай отырып, «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» жобасын таныстырды. Биыл ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (UNAI) бағдарламасы бойынша Жаһандық хабын басқарды. Осы жылдың мамыр айында ҚазҰУ VII Халықаралық Астана экономикалық форумы аясында Астана және Алматыда UNAI жаһандық хабының ірі жобаларының бірі – «Еуразиялық алуантүрлілік және қалыпты дамудағы университеттердің рөлі» атты III Халықаралық Азия университеттері ректорларының форумын өткізеді.
Университетте «Global Classroom» халықаралық бағдарламасы белсенді үш жылдан астам уақыт бойы белсенді қызмет етуде. Сонымен қатар ЮНЕСКО қолдауымен қалыпты даму бойынша аймақтық хаб құру, «Green Campus», «Smart universities» және басқа серпінді инновациялық жобалар жүзеге асуда.
Форум қатысушылары инновациялық жобалар көрмесіне ерекше қызығушылық танытты. Онда студенттер «Көпдәрежелі паркинг желісі», «SMART-жаяу жүруші», «Аса тиімді жел энергетикалық құрылғы», «Биосабын», «Велосити», «Жинақы көпқабатты жел электрстанциясы», «Ауыз суды ауыр метал иондарынан тазартуға арналған сорбенттер» және басқа зерттемелерін таныстырды.
Баспасөз қызметі