«100 кітап» жобасы

11 қараша, 2014

Аристотель(грекше:ριστοτέληςAristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) —грекпәлсапашысы,Платонныңшәкірті,Ұлы Александрдыңұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішіндефизика,метафизика,ақындық өнер,театр,музыка,логика,шешендік өнері,саясат,үкімет,этика,биологияжәне зоология.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерононың әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.

Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристотельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.

Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз — Әбу Наср әл Фараби болды.