ҚазҰУ және АЭжБУ ғалымдары жарқырайтын түсқағаз ойлап тапты
Қазақ ұлттық университеті мен Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдары бірігіп «Жарқырайтын түсқағаз» жобасын ойлап тапты.
Ғалымдар аталмыш түс қағаздың үйдегі әдеттегі жарық беру құрылғыларының орнын алмастырады деп күтуде. Бұл құрылғыны орнату өзге де электро-өнімдерден қымбатқа түсуі мүмкін, бірақ өз-өзін толықтай ақтайды. ҚазҰУ-дың химия факультеті, органикалық заттар химиясы мен технологиясы, табиғи қосылыстар мен полимерлер кафедрасының меңгерушісі Григорийй Мун: «Бұл жарқырайтын түс қағаздың басты ерекшелігі арнайы оптикалық талшықтардың көмегімен жарық шашады. Жаңа әдіс дәстүрлі жарықтандыру құрылғыларына қарағанда электр қуатын үш есеге үнемдейді», – деді. «Біз бұл өнімге түрлі рең беріп, сәндік нұсқасын алдағы жылы Астанада өткізілетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінде таныстырмақпыз», – дегенді қосып айтты ғалым.
«Томсон Рейтер» компаниясының рейтингтік ақпарат базасы дерегінше Григорий Мун ғалымдар арасында аталмыш сала бойынша алдыңғы орында тұр. Ол көптеген жобалардың авторы ретінде танымал. Мысалы, урологиялық сырқаттарға, сондай-ақ пластикалық хириугияға қолданылатын дәрумендерді гидрогелді өңдеу арқылы ойлап тапқан.
ҚазҰУ-дың Баспасөзі қызметі