BOOKazNU dating: Оқу және оқыған кітабыңмен бөлісу мүмкіндігі
11 қыркүйек, 2023
.jpeg)
Дүниежүзілік кітапқұмарлар күнін атап өту үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «BOOKazNU dating: Оқу және оқыған кітабыңмен бөлісу мүмкіндігі» атты бұрыш ашылды. Кітапқұмарлар үшін алаң құрудың мақсаты-студенттерді оқуға ынталандыру, жаңа әдебиеттерді ашу және кітапқұмар жандарды шығармашылық қоғамдастыққа біріктіру. Бүгінгі іс-шара студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды: кез келген адам келіп, өзіне ұнайтын кітапты ала алады, отырып оқи алады, сондай-ақ кез келген әдебиетті тегін бере отырып, кітап сөресін толықтыра алады. Қазір бұл кітап алмасу тәжірибесі бүкіл әлемде кең таралған.
Басқа жаңалықтар

21 ақпан, 2025

21 ақпан, 2025

21 ақпан, 2025