Абай мұрасын насихаттаушы жас ғалым

11 қыркүйек, 2023

Ертай Сұлтан – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журна­лис­тика факультетінің доцент м.а., PhD, «Болашақ» стипендиясының иеге­рі. Әріптесіміз Ертай Сұлтанның АҚШ-тағы Абай орталығында Абай ілімімен қоса, қазақ әде­биетін тереңінен таныту жолында атқарған іс­терімен бөлісуді жөн көрдік.

Университетіміздің жас ға­лы­мы Ертай Сұлтан Қазақстан Рес­пуб­ликасының Вашингтон қа­ла­сындағы елшілігінің қол­дауы­мен Дж. Вашингтон уни­вер­ситетінде ашылған «Abai Center» қазақ мә­де­ни орта­лы­ғында бір жылдық та­ғылым­да­мадан өтті. Ертайдың тағы­лым­дамадан өтуінің басты мақ­саты – шетелге қазақ әде­бие­тін, мә­дениетін, өнерін кеңінен та­ныту. Осы мақсатта бір жыл ішінде көптеген тағылымы мол іс-шаралар өткізді.

Тағылымдама басында Қа­зақстан Республикасының Аме­­рика Құрама Штатта­рын­дағы елшісі Ержан Ашықбаевқа және Абай орталығына жауап­ты Абай Бескенге бір жылдық жұмыс жоспарын таныстырып, Абай орталығының үйлесті­ру­шісі қызметіне кіріседі. Ең ал­дымен Абай орталығының әлеу­­­меттік желілерде парақ­ша­ларын, атап айтсақ: Тwitter, Instagramm, Facebook және Youtube каналын ашты. Орта­лық­тың парақ­ша­ла­рында С.Фре­­дерик Старр, Чарлиз Вел­лер, Гүлнәр Кен­дір­бай, Ана­толий Хазанов секілді т.б. са­рап­шы ғалымдардан алынған сұх­бат­тар легін, қазақ әдебиеті мен мәдениеті бойынша ақ­па­раттық мазмұндағы посттарды жариялап отырды. Абай орта­лы­ғының үйлестірушісі ре­тінде Гарвард университеті, CASA бірлестігінің ұйымдас­ты­руы­мен өткен Абай симпо­зиу­мына қатысып, ағыл­шын­тілді аудито­рия­ға Абайдың әдеби мұрасы, халықаралық ғы­лыми ор­тада зерттелуі туралы ке­шенді ақ­па­рат беріп, Абай фило­софия­сындағы жалпы­адам­заттық парадигмалар туралы баянда­ма жасады. Сим­по­зиумға Гар­вард универ­си­тетінің про­фес­соры Нұрлан Кенжеахмет, Гар­вард, Бостан, Масачусеттс уни­вер­ситет­тері­нің оқы­тушы-про­­фессорлық құ­­рамы мен студенттер қатыс­ты.

Сонымен қатар Ертай Сұл­тан қазақтың классик жазу­шы­сы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай, Mukhtar Auezov in the world cultural paradigm атты халық­ара­лық онлайн ғылыми-теориялық конферен­циясын ұйымдас­ты­рып, Қазақ­стан, АҚШ, Түркия және Еуропа ел­дері ғалым­да­ры­ның басын қосты. Кон­фе­ренция барысында клас­сикалық қазақ шығар­ма­ларын тікелей ағылшын тіліне аудару, қа­зақ балалар әдебиетін шетелдегі қазақ диаспорасына ықшамдап ұсыну, елдер ара­сын­дағы әдеби байланысты нығайту туралы ұсыныстар талқыланды. Ертайдың Дж. Ва­шингтон уни­вер­ситеті, Эллиот халық­ара­лық қатынастар мек­тебінде Абай орталығының ресми бөлмесінің ашылуына үлесі зор. Ол Абай орталығында тағылымдама ба­ры­сында «Ұлы дала әуез­дері»/«The sounds of the Great Steppe» атты 11 сериялық под­каст жасап шықты. Шетел­дік­терге қазақ музыка мұрасындағы атаулы есімдер мен ұлттық аспап­та­ры­мызды осы подкастар арқылы тереңінен таныстырды. Алға­шын­да олар Коста-Рикада му­зы­ка тарихы категориясы бойынша алғашқы орынға шық­са, қазір бүкіл әлем бо­йын­ша тыңдаушылары көбеюде. Ертай әріптесіміз Абай мұ­ра­сын, жал­пы, қазақ әдебиеті классиктерінің ағылшын тіліне аударылған шы­ғармаларын, қазақ мәдениеті мен өнерін АҚШ еліне танытуда елеулі еңбек сіңірді.

Гүлназ ДӘУІТОВА,

Қазақ әдебиеті және

әдебиет теориясы

кафедрасының доцент м.а.