- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қоғамның орнықты даму мүддесінде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы» атты вебинар БҰҰ (16-мақсат)
«Қоғамның орнықты даму мүддесінде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы» атты вебинар БҰҰ (16-мақсат)
.jpeg)
08.09.2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Қоғамның орнықты даму мүддесінде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы» атты вебинар өткізді. Вебинар мақсаты халықтың БҰҰ ТДМ (16-мақсат Орнықты даму мүддесі үшін бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және кеңінен қатысуға негізделген мекемелер құру) шеңберінде құқықтық сауаттылықты арттыру.
Вебинар модераторлары: з.ғ.д., профессор Д.Л.Байдельдинов, з.ғ.д., профессор Г.А.Куаналиева
Спикерлер: з.ғ.к., доцент К.Ж.Куандыков, з.ғ.к., доцент Г.С.Калиева, з.ғ.к., доцент Г.Т.Айгаринова.
Арнайы қонақ ретінде Президент басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманы PhD докторы, доцент Сәулен Нұржан қатысты.
Вебинар соңында сұрақ-жауап орын алып, 60-ден аса қатысушылар қатысты.
Біз барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз.
Басқа жаңалықтар


