- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау» орталығының қызметкерлері мен «Картография және геоинформатика» және «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Қазақстанның оңтүстік өңіріне іссапарға (далалық экспедиция) барды.
«Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау» орталығының қызметкерлері мен «Картография және геоинформатика» және «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Қазақстанның оңтүстік өңіріне іссапарға (далалық экспедиция) барды.
Далалық экспедиция - маусым, шілде айларында өтті. Қамтылған облыстар: Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы. Экспедицияның негізі: BR18574227 «Ауылдық жерлерді тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шөлейттену процестерінің алдын алуда ТАЖ орнықты басқаруды ғылыми-қолданбалық негіздеу» бағдарламасы бойынша ҒЗЖ орындау. Іссапардың (экспедицияның) мақсаты: егіншілік және жайылымдық жерлерді пайдаланудың табиғи-ауыл шаруашылығы жүйелерінің жай-күйін зерттеу бойынша далалық жұмыстарды жүргізу, негізгі учаскелер бойынша ТАЖ шөлейттену процестеріне мониторингтік бақылаулар жүргізу, дронды пайдалана отырып, негізгі учаскелерде физикалық-географиялық сипаттама жүргізу, үлгілерді іріктей отырып, топырақ шурфтарының (кесінділерінің) сипаттамасын беру. Негізгі учаскелердің жалпы саны – 51 болды.
22.06.2023-24.07.2023 және 06.08.2023-15.08.2023 аралығында ҒЗЖ күнтізбелік жоспарына сәйкес Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарына экспедициялық сапар өткізілді. Экспедициялық кезеңде барлық жоспарланған нүктелер зерттелді.
Далалық зерттеулерде классикалық салыстырмалы географиялық әдіс және топырақ кілттері (алаңдары) әдісі қолданылды. Нақты топырақты зерттеу кезінде морфологиялық және бейіндік әдістер қолданылды, олар далалық зерттеулер жүргізуде негіз болып табылады және топырақ диагностикасының негізін құрайды. Жалпы алғанда, Жамбыл облысындағы 13 негізгі нүкте бойынша, Түркістан облысындағы 14 нүкте бойынша, Алматы және Жетісу облыстарындағы 16 нүкте және Қызылорда облысындағы 8 нүкте бойынша барлығы 51 негізгі нүкте бойынша физикалық-географиялық сипаттама және байқаулар жүргізілді.
Экспедициялық кезеңде далалық материал жиналды: 219 топырақ үлгісі, бақылау нүктелерінен бейне-фотоматериалдар, гербарий жиналды.