
«МТД 3. Салауатты өмір салты және салауаттылық» аясында, «Театрлы Алматы» жоспарланған іс-шаралар цикліне сәйкес қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының куратор – эдвайзері Жақыш Ақерке Жеңісқызы «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенттерімен «Алатау» дәстүрлі музыка театрында өткен «Алтыбақан» қазақ халық музыкасының ойын-сауық ән кешіне қатысты. Кеште қазақтың дәстүрлі ән өнеріндегі орындаушылық, әуендік, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде бөлінетін бес мектеп бойынша (Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр, Алтай-Тарғыбатай) попури айтылды. Көкбай Жанатайұлының сөзіне жазылған Алаш Ордашылардың гимні де шырқалды. Музыкалық кештің қорытындысы бойынша студенттер қазақ халық әндерін «Сақ-сақ», «Қызыл асық», «Қарақат көз, Қалқаш-ау», «Қарайкөзім», «Он алты қыз» тыңдады және дәстүрлі музыкалық білім алды.
Басқа жаңалықтар


