4(4.3.1., 4.3.2., 4.3.4) тұрақты даму мақсаттары аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен "КАТКО" ЖШС арасындағы өндіріс және білім беру салаларындағы табысты бірлескен жұмыс жайлы

28 қыркүйек, 2023

Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) 9-шы саласы: "Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және орнықты индустриализация мен инновацияларға жәрдемдесу" - БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңде белгілеген орнықты даму саласындағы 17 мақсаттың бірі.

2023-24 оқу жылының алдында физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушылары Алишева Ж. Н., Игембаев И. Б., сондай-ақ ҚазҰУ магистранттар тобы Әл-Фараби ОДМ міндеттері шеңберінде КАТКО "Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны" ЖШС Мойынқұм уран кен орнында болып келді".

"КАТКО" жерасты ұңғымаларын шаймалау әдісімен уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компания, сондай-ақ Франция мен Қазақстан арасындағы табысты халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Компания көміртекті аз қажет ететін игеру әдісін қолдана отырып, әлемдік уран өндірудің жылдық көлемінің шамамен 7% өндіреді.

Сапар магистранттар мен оқытушыларды Қазақстанда уран өндіру ерекшеліктерімен, сондай-ақ алған білімдерін болашақта қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Магистранттар геология және ақпарат жинау департаментінің өкілдерімен кездесті. Сапар бағдарламасы аясында мамандар магистранттарды полигонмен және бұрғылау жұмыстарымен таныстырды. Сапар барысында маман С. Мырзаханұлы өңдеу зауытының жұмысымен және кен өндіру, өңдеу технологиясымен таныстарды, сондай-ақ саланың даму мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Келесі күні геология және ақпарат жинау департаментінің директоры Болат Ерлібек пен ассистент Қуанышбаев Бағлан "Геологиялық барлау жұмыстарының негізгі принциптері, қызметкерлерді таныстыру, аймақтағы геологияның ерекшеліктерімен танысу және қорларды есептеу" тақырыбында презентация өткізді. Магистранттар геология мен геологиялық барлаудың әртүрлі аспектілеріне қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Сондай-ақ, ақпарат жинау бөлімінің мамандары С.Алиев пен Ержан Жұмашұлы "Уран кен орындарын өндіру мен барлауда ГАЖ қолдану" тақырыбында презентация өтті. Маман А. Абрахманов "3D үлгілеу" тақырыбында презентация өткізді, магистранттар уран кен орындарын өндіру және барлау кезінде қандай ГАЖ бағдарламалары қолданылатыны, сондай-ақ олардың компанияда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қоса алғанда, деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға қалай көмектесетіні туралы білді. Тыңдаушылар сонымен қатар геологиялық құрылымдарды модельдеу уран кен орындарын өндіру және барлау міндеттері үшін оңтайлы шешімдерді болжауға қалай көмектесетінін білді. Магистранттар уран кені үлгілерін талдау бойынша практикалық сабақтарға қатысты, бұл оларға химия және геология саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.

Түстен кейін мамандар Б. Паччаханов пен А. Ыдырысов магистранттарға геологиялық сынамаларды алу және XRF және Terraspec көмегімен химиялық талдау жүргізу үшін таужынысықоймасының жұмыс принципін ұсынды.

Сапарды аяқтай отырып, магистранттар GeEnergies түлектерімен кездесті және "Сұрақ - жауап" форматында пікір алмасты. Магистранттарды аталмыш компанияға жұмысқа орналасу мәселелері мен жұмысқа үміткерлерге қойылатын талаптар қызықтырды. Практика аяқталғаннан кейін геология жөніндегі директор Бердібек Болат магистранттарға практиканы аяқтағаны туралы сертификаттар және компания туралы жазылған ақпарат тасығыштарын табыс етті. Бердібек Болат магистранттарға тәжірибеге қатысқандары үшін алғысын білдіріп, осындай бағдарламалардың маңыздылығын атап өтті. Сапарға қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты және танымдық іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Өз тарапынан университет оқытушылары әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да “7M07201 -Мұнай-газ ісі" және "7M07202-Мұнай-газ ісі (қос дипломды, Лотарингия университеті)" білім беру бағдарламаларына түсуге тілек білдірген өндіріс мамандарына оқуға түсу туралы ақпарат беріп,  көмек көрсетуге бағытталған ақпараттық іс-шара өткізді.

 

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0u2FduEenyHchyEnrvf8t2KXGdWNECXGbHLE3JScnXxTqwtNmGLQ7KRQU7wroXTjvl&id=100063647734501&mibextid=Nif5oz

https://www.instagram.com/p/CvJXOUEto-S/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==