Семинар «Қазақ тілі» орталықтарының оқытушыларына арналған.
26 қыркүйек, 2023

2023 жылдың 26 қыркүйегі күні Алматы облысы, Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Тіл оқытуды тиімді ұйымдастыру» атты облыстық семинар өтті. Семинар «Қазақ тілі» орталықтарының оқытушыларына арналған. Аталған семинар барысында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ханшайым Әбдутәліпқызы Қарабаева тренер ретінде қатысып, оқытушыларға мастер-класс өткізді. Семинар соңында Х.Ә. Қарабаеваға Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының «Алғыс хаты» табысталды.
Басқа жаңалықтар

15 мамыр, 2025

14 мамыр, 2025