
28.09.2023 ж. әЛ-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, «Әділет» клубы және 408 топ студенттері, 405 топ студенттері БҰҰ «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді мақсаттар» тұрақты даму мақсаттары - 10 аясында «Бейбітшілік, әділеттілік сапалы институттар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Модераторлар: Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры, «Әділет» клубының төрайымы Г.М.Атаханова: Адамгершілік қасиет-жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы екенін алға тартты.
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының қауымдасқан профессор М.Қ.Бисенова: Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізетіндігін жеткізді.
Дөңгелек үстелдің спикерлері: «Әділет» клубының мүшелері: Хусайн Өркен, Олжасұлы Ердаулет, Нурбекүлы Әлішер, Қанжігітова Аружан баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт тәрбиелеу, ақиқаттың құндылығын мәнін ұғындыру. Адами қарым-қатынастағы адалдық пен өмірдегі әділдіктің орны мен маңызын айыра білу; кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.
Басқа жаңалықтар
