Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері

14 қыркүйек, 2023

 «Кәсіпкерлік» пәнінен 2023 жылдың 14 қыркүйек күні «Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері мен нысандары» тақырыбындағы семинар сабақта «6В05402 Математика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен «Әйелдер кәсіпкерлігі», «Жастар кәсіпкерлігі», «Әлеуметтік кәсіпкерлік» қызметтерін талдап, олардың қазіргі таңдағы жағдайы мен болашағы, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен әдістері қарастырылды. Гендерлік теңдікке қол жеткізу (ТДМ 5) және кедейлік пен аштықты жеңуде маңызды рөл атқарады (ТДМ 1 және ТДМ 2) және әйелдерді оқыту, кәсіпкерлікпен айнылысуға жағдай туғызу теңсіздікті азайтудың негізгі жолдарының бірі болуы мүмкін (ТДМ 10). Сонымен қатар әділ қоғам құруда әйелдердің, жастардың және әлеуметтік кәсіпкерлердің өз рөлдерін атқаруы өте маңызды (ТДМ 16) болып табылады. Аудитория тарапынан студенттер қызығушылық танытып, талқылаулар болды.

Пән оқытушысы: Андабаева Г.К.