ТДМ 6 қамтамасыз ету мақсатында.

19 қазан, 2023

ТДМ 6 қамтамасыз ету мақсатында 19,10,2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  аға оқытушысы Телеуев Г.Б.  «құқықтану» білім беру бағдарламасы студенттерімен «Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының су қоры жеткілікті деңгейде болуына қарамастан республикада сумен қамтамасыз ету проблемасы да бар.  Қазақстан су тапшылығы бойынша  Азия мемлекеттері арасында  Бангладештен, Үндістаннан, Қытайдан және басқа елдерден кейін 8 орында тұр. Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметі бойынша, Орталық Азия аймағы қызыл аймақта орналасқан. Қазақстан Азия елдері арасында су ресурстарының тапшылығы мәселесі аса маңызды мәселе болып табылатын қызыл аймаққа да кіреді. Су мен оны пайдалану мәселелерін түбегейлі қайта қарау қажет. Біздің зерттеулеріміз бойынша, 2050 жылға қарай биіктігі 5 мың метрге жететін барлық тау шыңдары, мұздықтар іс жүзінде еритін болады. Тиісінше, біз аймақта су ресурстары мен ауыз судың жеткіліктілігі бойынша үлкен проблема болатынын болжап отырмыз. Тіпті қазіргі уақыттың өзінде, Қазақстанда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ауыр жағдайды көрсетіп отыр. Мәселен, ҚР-да су құбыры сумен қамтамасыз етілуі 77%, орталықтандырылған көздерден – 16% , ашық су айдындары мен арықтардан алынған суды халықтың 3% - ы, әкелінетін суды-4%  құрайды. Батыс Қазақстан облысында  су құбыры сумен қамтамасыз етілуінің төмендігі-53% болса, Маңғыстау облысында халықтың 20% - дан астамы сапасына кепілдік берілмеген әкелінетін сумен жабдықталады. Осы ретте ауыз сумен қамтамасыз етудің тетігін ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселе болып отыр.